ШҚО-да мемлекет пен жекеменшік әріптестік дамып келеді

Dalanews 29 нау. 2018 09:01 184

Қазіргі таңда елімізде мемлекет пен жекеменшік әріптестік арасындағы жұмыстарды жандандыру өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Шығыс Қазақстан облысы Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы қызметкерлері мемлекет пен жекеменшік әріптестікті дамытып, шағын және орта бизнесті өркендетудің маңызы зор екенін алға тартуда. Басқарма 2017 жылдың өзінде бұл бағытта 65 келсім-шартқа қол қойылып, 8 млрд. теңгенің мемлекеттік тапсырысын жергілікті кәсіпкерлер іске асырғанын алға тартты.



Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауындағы сегізінші бағытта мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және елімдегі бизнес ортаның хал-ахуалын жақсарту турасында жан-жақты айтқан болатын.

Жалпы, Шығыс Қазақстанда мемлекет пен жекеменшік арасындағы әріптестікті нығайту бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде іске асып келеді десек болады. Біздің бұл сөзімізге ШҚО Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының 2015 жылы концессиялық бағыттағы 11 келсім-шартқа қол қойып, Өскемен қаласында 6, Семейде 5 балабақшаның салынып, пайдалануға берілгені айқын дәлел болады.

Ал 2017 жылы мұндай келсім-шарттардың саны 65 жетіп, өңірде жекеменшіктің әріптестігі аясында 64 балабақша және 1 спорт нысаны салуға қол жеткізілді.

– Мемлекет пен жекеменшік әріптестік арасындағы жұмыстар өз нәтижесін бергеннен кейін біздер 2017 жылдың қазан айында концессиялық бағыттағы тағы екі жобаны іске асыруды жөн деп таптық. Бұл – жобаға Өскемен қаласында 300 орынды көпсалалы емхананың құрылысы (21 млрд. теңге) мен Зырян қаласындағы орталық жылу жүйесіне реконструкциялық жұмыстар жүргізу (құны 2,6 млрд. теңге) ісі еніп отыр. Алдағы уақытта конкурстық байқауда жеңіске жеткен кәсіпкерлермен келсім-шартқа отырып, құрылыс жұмыстары басталады, – деді басқарма қызметкерлері.

Ал 2018 жылы ШҚО Экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы Семей қаласында 200 орынды қалалық аурухананы жекеменшік әріптестік аясында күрделі жөндеуден өткізу ісі 16,2 млрд. теңге жұмсауды көздеп отыр.

Жалпы Шығыс Қазақстанда мемлекет пен жекеменшік әріптестік арасындағы концессиялық бағыттағы 168 жобаны жүзеге асырып, оған 163,5 млрд. теңге жұмсағанын айта кетуіміз керек.

 

https://dalanews.kz/34071

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x