Отырар мен Сарыағаш ауданында сынақ ретінде «Ладожский» гибридтік жүгері сорттын егу қолға алдынды

Dalanews 14 нау. 2018 14:25 232

Оңтүстік Қазақстан облысындағы Отырар және Сарыағаш аудандарында «Шымкент» Әлеуметтік Кәсіпкерлік Корпорациясының бастамасымен «Заманауи технология бойынша жүгері  өсіру» атты семинар-кеңес өтті. Шараға  аталған екі ауданның әкім орынбасарлары мен ауыл шаруашылығы бөлімдері және 100-ге тарта ірі шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.



Семинар барысында   фермерлерге ресейлік «Кубань»  агрохолдингі мен қазақстандық «Агроимпекс» ЖШС-нің мамандары  «Ладожский» гибридтік жүгері сорттының артықшылықтары туралы ақыл-кеңестерін берді.  Сондай-ақ, олар "Ладожский" гибридтік жүгері сорттын эксперимент ретінде екі ауданда 3 гектар алқапқа егіп көру мәселесін көтерді.

Оңтүстік Қазақстан облысының климаты бұл жүгері сортын егуге өте қолайлы дейді мамандар. Ең бастысы, аталған астық жүгеріні мал және құс шаруашылығына құрама жем ретінде пайдалуға болады. Қажетті технологияларды толық сақтаған жағдайда бұл жүгері сортының бір гектарынан 10-12 тонна өнім алуға мүмкіндік бар.  Мәселен наурыз айында егілген дақыл түрі жаздың соңына қарай өнім бере бастайды.  Яғни шамамен 98 күнде пісіп жетіледі. Жүгері сортының ең басты құндылығы - құрғақшылыққа, аурулар мен зиянкестерге төзімді келеді. «Ладожский» гибридтік жүгері сорттын шаруалар «Агроимпекс» ЖШС-нің қоймаларынан сатып алуына болады.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/31582

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x