Дулат Исабеков Президенттің алдында бар шындықты айтты (видео)

Dalanews 08 нау. 2018 03:10 357

Бұл белгілі жазушы, қоғам қайраткері Дулат Исабековтың Ассамблеяның жиынында  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа оралмандарға бөлінген квотаны шенділердің түрлі алаяқтық жолмен талан-таражға салатынын ащына жеткізген сәті.

Дүкеңнің айтуынша, Моңғолиядан келген 800 оралман осындай қиянаттан кейін келген жағына қайта кету үшін өтініш беріпті. Ал Дүниежүзі қазақтарының басын қосып, оларға қамқорлық көрсетуі тиіс сол кездегі Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы Талғат Мамашев бұл мәселемен айналысып жатқанын айтып құтылды.

Қазіргі таңда Талғат Мамашев қызметінен кетіп, оның орнына Зауытбек Тұрысбеков тағайындалғаны белгілі. Жаңа басшы оралмандардың бар мәселесін оң бағытта шешетіне сенеміз.

 

https://www.youtube.com/watch?v=FDfWmZvfdpY

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x