Ақышев не дейді?

Dalanews 26 ақп. 2018 05:56 230

Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев халыққа жиған-терген  ақшасын (халықтың қалтасы теесік екенін біле ме екен) қалай және қайда сақтау жайында кеңес беріпті.


– Мүмкіндік болса, несие алмаған дұрыс. Несиесіз-ақ өмір сүрудің жолдарын қарастырған жөн. Ақшаны банкте сақтаңыздар. Бұл сенімді әрі қауіпсіз. 10 млн. теңгеге дейінгі салымдарға Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры кепіл болады. Ұлттық банктің лицензиясын алмаған компанияларға сенім артпаңыздар. Мойнында міндеттемесі жоқ, соған қарамастан жоғары пайыздық мөлшерлеме ұсынатын компанияларға алданып қалмаңыздар, – деп кеңес берді Ұлттық банктің басшысы жақында өткен онлайн-конференцияда.

Шамасы Ақышев халық несиені жайдан-жай алмайтынын білмей ме? Осыған дейін бұлайша үгіт-насихат айтпаған Ұлттық банктың төрағасы әлгі Смановтың уағызын тыңдап, соған елтіп отырғаннан сау ма?

Айлығы шайлығына жетпеген соң, құрыққа сырық жалғап несие алуға мәжбүр болатыны баршаға белгілі. Анау бір жылы сырт елде елші болып келген Бірғаным Әйтімова «Халық несие алып, өмір сүруден қорықпау керек» деп айды аспаннан бірақ шығарған еді. Енді Ақшев «несие алмаңдар» деп елге ақыл айтуда. Сонда қайсына сенеміз?

Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасы зейнеткерлерді несиеден аулақ жүруге шақырыпты. Оның айтуынша, зейнет жасындағы адам несие алатын болса, ай сайынғы зейнетақысымен несиені жабуға мәжбүр болады.

Ал студенттің несие алуы бөлек әңгіме. Себебі, студент еңбекке қабілетті. Ол жұмыс істеп, табыс табуға қауқарлы екен. Данияр Ақышев Ұлттық банк халықтың барлық тобының қаржылық сауаттылығын арттырудың жолын қарастырып жатқанында айтыпты.

 

https://dalanews.kz/29606

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x