Ләйлә Сұлтанқызы: "Күйеуімнен таяқ жемес үшін..."

Dalanews 23 қаң. 2018 10:56 300

Күйеуімнен таяқ жемес үшін не істеймін? Жарым неге өзге жанға көз салады? Қазақ әйелдерінің осы сынды сансыз сауалдарына, Ләйлә Сұлтанқызы жауап бермек. Тележүргізіші Алматыда екінші кітабының тұсауын кесті.

Ләйлә Сұлтанқызы – «қазақ әйелінің эталоны!» Нәзік жандылар бұл теңеуді тележүргізушіге жиі айтады. Іскер, табысты әрі сұлу болғаны үшін мәртебесін биік қояды! Жұрт осылай төбесіне көтерсе де, ерімнің алдында бас июге қымсынбаймын дейді Сұлтанқызы.
“Мен оны өзгертуге тырыспаймын. Өйткені, ер азаматты ешқашан өзгерте алмайсың. Сен бағыттауың мүмкін, бірақ өзгертемін дегеннің бәрі құр әурешілік деп ойлаймын”, – дейді Сұлтанқызы.

Отбасы үшін кей ұстанымдарын құрбан ете білген сылқымдар да, ұтылмайды деп тұжырымдайды тележүргізіші.

“Дүйсенбіден бастап, қайта спортты қолға алуым керек па, мен оны қолға алуым керек. Өл – тіріл. Телефонның дауысы өшіп тұра ма, онда мен үйдемін деген сөз. Егер, мен өзіме сондай шектеу қоймасам, менің өмірім телефонның ішінде өтіп кетуі мүмкін”, – дейді кітап авторы.

«Менің екінші кітабым!» деген атпен жарық көрген Ләйлә Сұлтанқызының тырнақалды туындысы – 2016 жылдың отандық бестселлері атанды! Тележүргізуші «Әйел» атты еңбегінің да табысты боларынан үмітті. Себебі, қазақтың әйелі үшін бұрын-соңды «тиым салынған» тақырыптарды қозғаған.

“Миллиондаған тренингтар, семинарлар кім үшін өткізіліп жатыр?! Демек, аудитория бар деген сөз. Ал, енді нақ қазақ тілдіге келетін болсақ, біз әлі де көп дүниені айтуға өзіміз дайын емеспіз”, – дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Ләйлә ханым, өзін үлгі тұтатын арулардан толассыз хат алады. Солардың ең өзектілерін кітабына арқау етіп, түрлі мамандардың кеңесімен сауалдарға жауап берген. Сөйтіп, қазақ әйелінің заманауи қиындықтарын шешуге талпыныпты.

 

Дереккөзі: stan.kz

 

https://dalanews.kz/28513

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x