Мүбаров жауапкершілікке тартылды

Dalanews 09 қаң. 2018 06:08 179

Қарағандыда заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқан псевдосалафиттік уағызшы Дарын Мүбаров әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

2017 жылдың қазанында жүргізілген діни сараптама қорытындысы бойынша, Қарағанды әкімдігі Дарын Мұбаровтың заңсыз миссионерлік қызметіне қарсы талап-арыз берген болатын.

Аталмыш арызға сәйкес, Қарағанды қаласының ауданаралық мамандандырылған соты ҚР Әкімшілік құқыз бұзушылық туралы Кодекстің 490-бабы 3-бөлігі бойынша Дарын Мүбаровты жауапкершілікке тартты. Алайда, уағызшының қорғаушылары сот шешіміне аппеляциялық шағым түсіріп материалдарды психологиялық және филологиялық сараптамадан өткізу туралы талап жасады.

4 қаңтарда өткен сараптама нәтижесі бойынша облыстық сот ауданаралық соттың шешімін өзгерткен жоқ.

Шешімге сәйкес, Д. Мүбаров енді 70 АЕК көлемінде айыппұл және 112348 теңге көлемінде процессуалдық шығындарды төлеуге міндетті.

Дереккөз: Ұлт порталы 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x