Сон Паскаль: «Дөкейлердің әйеліне төсек ләззаты жетпейді»

Dalanews 15 желт. 2017 04:38 223

Елімізге келіп, ән салып, ақша тауып жүрген италяндық әнші Сон Паскаль Қазақстандағы дөкейлердің әйелі төсек ләззаты жетпейді деген пікіріне орай, белгілі блогер Айгүл Орынбек өзінің әлеуметтік парақшасында пікір білдіріп, бейәдеп сөйлеген Сон Паскальді елден қууды талап етті.

"Мұндағы қыздар қымбат көлігіңе, қалтаңдағы ақшаға назар аударады екен. Олар үшін аталған дүниелер өмірдің ләззаты сияқты. Мен бірақатар «ағашкалардың» әйелдері бақытсыз екенін көріп жүрмін. Мен олардың арасындағы жыныстық қатынас дұрыс емес деп ойлаймын" – депті Италиядан келген бомж!

Қашанғы қазақ қыздарының ар-намысын жерге таптатып қарап отырамыз?

Сонда Паскаль барлық «ағашкалардың» əйелімен жатып көріп пе? Неге айдаладан келген келімсек біздің қыздар жайлы əңгіме айтады?

«Секс керек деп ойлаймын» депті. Оның ойы кімге керек айтыңдаршы? Кезінде Борат қазақ қыздары жайлы аузына келгенін құсып кеткен еді? Енді Италиядан шыққан бомждың сөйлегені қалып еді?

Бүкіл қазақ қыздарының атына əңгіме айтатындай кім бұған рұқсат берді? Елден қуылсын! Елге кіргізілмейтін болсын! Бүкіл əлем білсін не үшін елден шеттетілгені жайлы. Сол кезде басқалар біздің қыздарға жақ ашпақ түгілі, қарап демалмайды да!

 

https://dalanews.kz/10509

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x