Шағын бизнес пен туризм саласы қарқынды дамуда

Dalanews 01 қар. 2017 07:34 221

«Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы жүзеге асырыла бастағалы бері ШОБ субъектілеріне 26,3 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетілген. Несиелік портфель көлемі бойынша Алматы облысы Алматы және Астана қалаларынан кейінгі үшінші орында тұр.Бұл туралы облыс әкімі Амандық Баталов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде айтты, – деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.  



Облыс басшысы А. Баталов хабарлағандай, «Даму» қоры, жергілікті бюджет және Кәсіпкерлер Ұлттық палатасы есебінен 5 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген, соның ішінде 1,9 млрд. теңгесі – жергілікті бюджеттен.

– Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы шеңберінде шағын неисеге 5,3 млрд. теңге қарастырылды. Соның нәтижесінде жұмыс істеп тұрған ШОБ субъектілерінің саны үш жылда 23 %, жұмысшылар саны – 16 %, шығарылған өнім көлемі – 29 % өсті, – деді А. Баталов.

Брифинг өңір басшысы биылғы жылы облыста қызмет көрсетілген туристер саны 1,5 млн. адамға жетсе, соның 750 мыңы Алакөл көлінің еншісінде екенін тілге тиек етті.



– Туризм нысандарына апаратын жолдарды жөндеу – туризмді дамытудыңбасты бағыттарының бірі. Мәселен, Көлсай көлдеріне, Ақсай шатқалына, Шонжы ауылындағы ыстық су бастауларына дейінгі жолдар жөнделіп жатыр. Сол сияқты Алакөл көлі жағалауының инфрақұрылымын дамытуға жергілікті бюджеттен 2,6 млрд. теңге бағытталып отыр, – деді А. Баталов.

Брифинг барысында айтылғанындай, Алакөлге апаратын темір жол байланысы ұйымдастырылып, биылғы жылы Үшарал қаласында әуежай салынып, жұмыс істеді. Енді темір жол вокзалының құрылысы басталған.

Қызмет көрсету сапасы жағынан шетелдік нысандардан бір де бір кем түспейтін үш бірдей ірі демалыс аймақтары салынды. Жалпы, облыс бойынша соңғы үш жылда көрсетілген ақылы туристік-сауықтыру қызметі 40 % өсіп, 5,5, млрд. теңгеге жетті.



 

 

 

Алматы облысы әкімі А.Баталовтың Орталық коммуникациялар қызметіндегі брефингі

 

https://dalanews.kz/31752

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x