Оңтүстік халқы Елбасының латын әліпбиіне көшу туралы шеміне қолдау білдірді

Dalanews 30 қаз. 2017 14:31 248

Өткен аптада Елбасы Н. Назарбаев қоғамда қызу талқыға түскен қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең кезеңімен және жүйелі түрде көшіру туралы Жарлыққа қол қойды. Елбасының бұл тарихи әрі саяси шешімі оңтүстікқазақстандықтардың да ерекше қолдауына ие болып отыр. Осынау тағлымды шешімді қолдау мақсатында бір топ оңтүстікқазақстандық зиялылар Елбасының атына арнайы хаттар жолдауда. Солардың бірін Оңтүстік Қазақстан облыстық Қазақстан халқы ассамбелеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Орынбай Рахманбердиев те жолдап отыр.

– Құрметті аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз өткен аптада қазақ мәдениеті мен руханияты үшін талай уақыттан бері қоғам талқысында жүрген қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру туралы тағылымды шешім қабылдадыңыз. Күн тәртібіндегі мәселені ғалымдармен, сала мамандарымен ақылдасып, көпшілік мақұлдаған жаңа әліпбиді бекітіп бердіңіз , – дейді өз хатында Орынбай Рахманбердиев.

Дәл осындай қолдау хатын ІV, V шақырылымдағы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Розақұл Халмұрадов та жолдапты. Онда: «Ғаламдық бәсеке-жарыстың тәуекелділігін дұрыс пайымдап, қазақ тілін латын графикасына өткізу жөнінде тарихи шешім қабылдадыңыз. Бұл байтақ Қазақстан үшін тағдыршешті қадам болды. Біз әліпбиді ғана емес, қоғамдық сананы, жалпыға ортақ ойлау жүйесін трансформациялау бойынша шешім қабылдадық» делінген.

Нұрсұлтан Назарбаевтың атына облысымыздағы бірқатар этно мәдени бірлестіктердің де басшылары қолдау хатын жолдады. Аталған хатта  облыстық грузин этномәдени бірлестігінің төрағасы З. Бочоришвили, корей этоно мәдени орталығының төрайымы Р. Пак, татар-башқұрт бірлестігінің басшысы А. Мухамедова, грек этно мәдени бірлестігінің жетекшісі Д. Сидиропуло, иран этно мәдени бірлестігінің төарағасы Н. Капар-Пур, күрді этно мәдени бірлестігінің басшысы А. Надиров, ұйғыр этно бірлестігінің жетекшісі Г. Темирова, тәжік этно мәдени орталығының басшысы Ю.Султанов, неміс этно бірлестігінің жетекшісі И. Бахман, түрік этно мәдени орталығының басшысы Л. Асановтардың қолы қойылған.

Елбасы жарлығына орай бүгін М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студент жастары «Латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады» деген  арнайы үндеу жариялады. Онда :«Қазіргідей қуатты мемлекетте өмір сүріп жатқан кезеңде біз халық болып бұл жазуды қолдап алып кетпесек, өркениетті елдердің қатарына ілесе алмаймыз» делінген.

Бүгінде əлемнің 70 пайызға жуық елдері латын жазуы арқылы білімді игеріп, ғылыми-зерттеулермен айналысады.  Яғни, білім, ғылым, саясат пен техника, мəдениет пен өнер, т.б. салаларға қатысты жазбаша ақпараттың барлығы дерлік латын графикасымен беріледі, қоғамдық өмірдегі жаңалықтардың басым бөлігі осы графиканың негізінде жұртшылыққа таралады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x