Талдықорғанда «Жетісу» КФК ойыншылары марапатталды

Dalanews 23 қаз. 2017 04:50 279

Алматы облысы әкімі Амандық Баталов «Жетісу» кәсіби футбол клубының футболшыларын марапаттау салтанатты рәсімін өткізді. Атап өтсек, командафутболдан өткен XXVI Қазақстан Чемпионатында бірінші лига командаларының арасында I орынды иеленіп, Премьер-лигаға мерзімінен бұрын жолдама алған болатын. Салтанатты шара Талдықорған қаласындағы «Жетісу» орталық стадионында өтті, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.



Осы күні "Жетісу" стадионында бірінші лиганың 26-шы финалдық матчы өтіп, ойын қорытындысында талдықорғандық "Жетісу" Петропавлдың "Қызылжар" командасын 2:0 есебімен ұтты. Жиналғандарды құттықтаған облыс әкімі А.Баталов:



– Құрметті «Жетісу» футбол клубының ойыншылары мен жетекшілері!Биылғы жылы команда алдына қойған міндеттерді орындап, жанкүйерлерінің сенімін ақтады. Бірінші лигада сәтті ойын көрсете отырып, чемпионат аяқталғанға 5 тур қалғанда мерзімінен бұрын Премьер-лига маусымына өту құқығына ие болды. Бұл рухтың мықтылығының, жеңіске деген құштарлықтың, жаттықтырушылардың, ойыншылар мен басшылықтың бірлескен табанды еңбегінің  нәтижесі. Ендігі басты мақсат – 2018 жылғы Премьер-лига командаларының арасында Қазақстан чемпионатында кәсіби деңгейде өнер көрсету, алғашқы қатардан орын алып, жанкүйерлерді жеңіспен қуанту. Сіздерге бұдан әрі де береке-бірлік, сәттілік пен жеңістер тілеймін! – деді.

Мұнан соң жетісулықтарды Қазақстан Футбол федерациясының президенті Сейілдә Байшақов құттықтады.

Салтанатты жиын марапаттаумен жалғасып, футболдан өткен XXVI Қазақстан Чемпионатында бірінші лига командаларының арасында I орынды иеленген «Жетісу» кәсіби футбол клубының ойыншылары арнайы медальдармен, кубкоктармен, сол сияқты облыс әкімінің құрмет грамоталарымен, алғыс хаттарымен марапатталды. Ойыншыларды облыс әкімі Амандық Баталов марапаттады.

ІІ орынды иеленген «Қызылжар» командасының ойыншыларына марапатты Қазақстан Футбол  федерациясының президенті СейілдәБайшақовтабыстады.

Салтанатты шара концерттік бағдарламамен аяқталды.

Атап өтсек, Алматы облысында футболдың дамуына ерекше назар аударылып келеді. Қазіргі кезде өңірде футболмен 111 мың адам айналысады. Облыста  900-ге жуық футбол алаңдары мен 22 стадион жұмыс істейді.

 

 

Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x