Рухани жаңғыру: Абай, Шәкәрім мұралары

Dalanews 19 қаз. 2017 04:56 257

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің физика-математика институында  «Тұлғатану» орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Дана Мұқатованың ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Абай, Шәкәрім мұралары» тақырыбында тарихи-танымдық дәріс өткіз»лді. Дәріске белгілі абайтанушы ғалымдар, әдебиетшілер, Абайдың ұрпақтары атынан Нұргүл Әлшерқызы қатысты.



М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкері Ерболат Баятов, Абай атындағы ҚазҰПУ «Абайтану» ғылыми-зерттеу институтының директоры Жабал Шойынбет Абай мен Шәкәрім шығармаларындағы адами-рухани құндылықтар туралы мазмұнды дәрістер оқыды. Саяси ғылымдар докторы, профессор Сайын Молдағалиұлы Борбасов Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының өзектілігі, қоғамдық сананы жаңғыртудағы рөлі туралы мазмұнды баяндама жасады.

Мырзахан АХМЕТОВ, Абай атындағы ҚазҰПУ Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлімінің бастығы

 

https://dalanews.kz/31203

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x