Сербтер Жетісуда инновациялық құрылыс технологиясын таныстырды

Dalanews 17 қаз. 2017 05:46 312

Сербияның «Интерьер Янкович» компаниясының өкілдері интерьерлерді, сол сияқты инновациялық құрылыс технологиясын – құрылыстың модульді жүйесін жеке дайындау мен құру саласындағы жұмыстарын таныстырды. Кездесуді облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов жүргізді.



Делегацияны жылы шыраймен қарсы алған Лаззат Тұрлашов облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы ерекшеліктеріне, өңірдің инвестициялық тартымдылығына тоқталып өтті. Л. Тұрлашов қазіргі кезде облыста жалпы инвестиция көлемі 530,9 млрд. теңге болатын 63 инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатқанын айтып, оларда 11 мыңға жуық жұмыс орны құрылатынын да тілге тиек етті.

Мұнан соң кездесуде сербиялық тарап өкілдері сөз алды. «Интерьер Янкович» компаниясының бас директоры әрі иесі Божо Янкович компания жұмысы туралы кеңінен әңгімеледі. Ал компанияның коммерциялық директоры Зоран Рацичтің айтуынша, модульді жүйелерді балабақшалардың, мектептер мен ауруханалардың, жатақханалар мен қонақ үйлердің, коттедждер мен басқа да нысандардың құрылысына пайдалануға болады. Оның басты ерекшелігі – нысан құрылысына жұмсалатын уақыт 50 % қысқарып, есесіне сапасы мен қауіпсіздігі арта түседі.

Кездесу соңында облыс әкімінің бірінші орынбасары Лаззат Тұрлашов кеңейтілген таныстырылым үшін ризашылығын білдіріп, осы айтылған ақпараттар жете зерттеу үшін құрылыс саласындағы арнайы мамандарға жіберілетінін айтты. Сонымен қатар бұл кездесудің Алматы облысы мен Сербия арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, өрісін кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.

Атап өтсек, 30 жылдық тәжірибесі бар «Интерьер Янкович» компаниясының Қазақстан нарығына келгеніне 3 жыл болған. Алматы қаласында филиалы жұмыс істейді.

Алматы облысы әкімдігінің баспасө қызметі

 

https://dalanews.kz/31118

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x