Президенттің мұндай кішпейілдігін кім көрген?

Dalanews 14 қаз. 2017 09:17 198

Жақында Моңғолияның Президенті Халтмаагийн Баттулға өзінің адамгершілік қасиетімен тағы да  халықтың ықыласына бөленді. Бұл жол көпшілік мемлекет басшысының кортежі ел астанасы Ұлан батыр көшелерінде жаяу жүргіншілер жолағына тоқтап, жұртты өткізіп жібергеннен кейін орынынан қозғалғанын басылымдар жарыса жазып жатыр.    



[caption id="attachment_31066" align="alignleft" width="300"] Моңғолия Президенті Халтмаагийн Баттулға[/caption]

Әдетте мемлекет басшыларының кортежі келе жатқанда көше бойында қозғалыс тоқтап, жол беретінін білеміз. Бізде облыс әкімдерінің өзі аудан аралағанда өңірдегі жол полициясының қызметкерлері жартысы әкімнің шашбауын көтеріп, жол тазалап отырады емес пе? Осындай әкім-қаралар Халтмаагийн Баттулғадан үлгі алса қанеки?

Иә, Моңғолияның жақында ғана сайланған президенті демокртиялық ұстанымдарға берік жан болып тұр. Бұған дейін сайтымызда Халтмаагийн Баттулғаның өз қаражатына Шыңғысханның ескерткішін салғанын жазған едік.

Моңғолияда да бұған дейін Мемлекет басшысы кортежі келе жатқанда жол жабылатын-ды.  Баттулға болса осы бір қасаң қағиданы бұзған бірінші басшы болып тұр.

Ол Моңғолияның Демокртиялық партиясы атынан сайлауға түскенде халықтың 50,5 пайыз дауысына ие болып, президенттік орынтаққа қол жеткізген-ді.

Баттулға президенттік жұмысқа кіріскен сәтте зәулім сарайдан бас тартып, жұмысына жақын жердегі қарапайым үйге орналасқаны есімізде. Осылайша Шыңғысханның ұрпағы зәулім үй мен қымбат көлікке әуес шенділерге өзінің ісімен үлігі-өнеге көрсетіп жүр.

 

https://dalanews.kz/28793

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x