Үш әйелден 10 бала сүйген Ермахан нағыз ер екен

Dalanews 14 қаз. 2017 04:18 357

Олимпиада чемпионы, боксшы Ермахан Ыбрайымов жақында ғана  оныншы баланың әкесі атанған еді. Боксшы отбасын құру мәселесінде жастарға өте абай болуды әрі жауапкершілікпен қарауға кеңес берді, - деп жазды Stan.kz  тілшісі.



“Жігіттер жағдайларың болса қызды күттіртіп қоймай, ертерек үйленген дұрыс. Қазақтың саны көбейгені жақсы. Ыңғайы келіп жатса ұрпақты көбейту керек. Әрі  оған өте жауапкершілікпен қараңыздар. Біздің бабаларымыз батыр болған. Балаға дұрыс тәрбие беру, керегімен қамтамасыз ету әкенің міндеті”, - деді Олимпиада чемпионы.

Спортшының өзі бірнеше уақыт бұрын оныншы баланың әкесі атанған еді. Яғни үшінші некедегі жары дүниеге ұл бала алып келді.

«Ең кенже ұлым бір ай бұрын өмірге келді. Мұнымен тоқтап қалмаймыз. Себебі, әйелім: «Сен бокстан алтын алдың, ал мен ана ретінде алтын алғым келеді. Енді жеті бала табуым керек», – дейді.

Қазіргі таңда үш  некеден қос қызы мен сегіз ұлы бар боксшының перзентінің үлкені 20 жаста екен.

Ермахан Ыбрайымовтың тұңғышы Тойбек режиссер болғысы келсе, екінші ұлы Мейірбек аспаз оқуын оқуда. Ал Айсұлтан есімді ұлының боксқа қабілеті бар екен.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x