А.Шыныбеков: "Ауданымызда құрылыс қарқын алуда"

Dalanews 10 қаз. 2017 15:32 294

Бүгін БҚО Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында Казталов ауданы әкімі А.Шыныбековтың қатысуымен «Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы» тақырыбында кезекті брифинг өтті.

А.Шыныбековтың айтуынша 2017 жылға арналған аудан бюджеті 7 млрд 242 млн. теңгеге жетті, соның ішінде өз кірісіміз 773 млн. теңге.

2017 жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша ауыл шаруашылығымен айналысатын 26 заңды тұлға, 590 шаруа қожалықтары тіркелген. Есепті мерзімге  шаруашылықтардың барлық санаттарындағы ірі қара малы 81939 басты құраса, қой мен ешкі 294305 бас, жылқы 23817 бас, түйе 188 басқа жетті. Өткен жылдың сәйкесті кезеңімен салыстырғанда ауылшаруашылық өнімдерінің барлық түрлері бойынша өсім байқалады. (ет – 101,9%, сүт – 101,7%, жүн – 107,4%, жұмыртқа – 101,8%).

Ағымдағы жылы «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары бойынша 12 шаруашылық 129 млн.630 мың несие алуға қол жеткізді. Осы қаражатқа 16 бас өндіргіш бұқа,  492 бас ірі қара аналығы,  400 бас қой саулық, 3 бас айғыр, 80 бас байтал сатып алынды.

«Береке» несиелік бағдарламасы аясында ағымдағы жылы мүйізді ірі қара малын бордақылаумен айналысатын 3 ауылшаруашылық өндірістік кооперативтері (АӨК) жаңадан құрылды. Бүгінгі күнге аудан бойынша есепте тұрған 21 ауылшаруашылық кооперативінің құрамына 1468 тұрғын мүшелікке енген.

Сонымен қатар, «Ынтымақ» несиелік бағдарламасы бойынша «Жалпақтал» АӨК (төрағасы Д.Догоров) - Жалпақтал ауылында, «Шығанақ» АӨК  (төрағасы– Ж.Аксалов) - Казталов ауылында қуаттылығы - тәулігіне 10-15 бас соятын тоңазытқыш көлігімен қамтылатын мал сою пунктін салу үшін  жұмыстануда. «Игілік» бағдарламасы бойынша 22 жеке тұлға 92 млн. 200 мың теңге несие алуға қол жеткізді. Биылғы жылы аудан бойынша барлығы 30 трактор, 14 түрлі ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынды, соның ішінде шаруа қожалықтары 11 трактор және 10 түрлі ауыл шаруашылығы техникаларын лизинг арқылы алып, өздерінің машина-трактор паркін жаңартуға қол жеткізді.

Аудан аумағындағы көлдетіп және жүйелі суармалы жер көлемі 68411 га құрайды. Жұлдыз ауылы тұсындағы Кіші Өзенде орналасқан «Жұлдыз плотина» құрылысын қалпына келтіруге жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін 2018 жылға облыстық бюджеттен 6, 550 млн. теңге қаражат бөлу жоспарланып отыр.

Ресей Федерациясынан келетін суды ұстау және тасқын суды қауіпсіз өткізу үшін Казталов ауылдық округіне қарасты Сексенбай ауылы тұсындағы Кіші Өзеннен су қоймасын салу жоспарлануда. Қазіргі уақытта «ҚазСуШар» АҚ арқылы 2018 жылдың бюджетінен 4, 800 млн. теңгеге жобалық-сметалық құжаттама дайындау көзделуде. Республикалық бюджеттен қаржыландырылған аудан аумағы арқылы өтетін «Киров-Шежін» су арнасын қайта құру жұмыстарына 1 млрд.100 млн. теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Осы жұмыстарды аяқтау үшін қосымша 500 млн. теңге қаражат бөлінді.

Аудан экономикасының негізгі көрсеткіші – кәсіпкерлік саласында да ауқымды жұмыстар атқарылуда. Ауданда күні бүгінге шағын бизнеспен айналысатын 1298 жеке тұлға болса, 3825 адам жергілікті кәсіпкерлік нысандары арқылы нәпақасын табуда. Жыл басынан бері бюджетке жеке кәсіпкерлерден түскен түсім 36,768 млн. тенгені құрады.

Негізгі күнкөрісі мал шаруашылығы саналатын Қазталовта 23 адам жұмыс жасайтын 4 шағын цех жұмыс жасайды. «Қазталов» несие серіктестігі арқылы 15 адам кәсібін ашуға 74,7 млн. теңге, 26 кәсіпкер ауылшаруашылығын дамытуға 121,6 млн. теңге көлемінде несиеге қол жеткізді. Сондай-ақ, биыл «Жол картасы-2020» бағдарламасы аясында «Байжұмашев» жеке кәсіпкерлігінің жобасы 2  млн. теңге несие грантын жеңіп алды.

Есепті мерзімде экономиканың барлық салаларында 762 жаңа жұмыс орындары құрылды. Жұмыспен қамту қызметі арқылы 488 адам жұмысқа орналасып, былтырғы кезеңмен салыстырғанда 88 адамға көбейіп отыр. Қаржыландырудың барлық көздерінен 2811 отбасыға  102 53,4 мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді.

«Өрлеу» жобасы  бойынша 63 отбасына  13921,0 мың теңге тағайындалып, 32 бас ірі қара,  253 бас қой-ешкі, 1 бас жылқы малымен қамтамасыз етілді.

«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді оқумен қамтамасыз ету аясында ағымдағы жылға 210 адамды оқыту жоспарланып, 2017 жылдың 1 қазанындағы көрсеткіш бойынша 213 адам қысқа мерзімді оқуға жолданды.

Сондай-ақ, бағдарламаның  екінші бағыты жаппай кәсіпкерлікті дамыту аясында «Бизнес бастау» жобасы бойынша 128 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқып сертификаттарын алса, 39 адам 166,9 млн. теңге несиеге қол жеткізді.

Осы бағдарламаның үшінші бағыты аясында «Жастар практикасына» 86 жас маман, әлеуметтік жұмыс орындарына 59 адам жұмысқа жолданды.

Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар аясында 10 (Казталов, Жалпақтал, Талдыапан, Ақпатер, Жаңажол, Бостандық және Қайыңды ауылдық округтерінде ауыз сумен жабдықтау жүйесін қайта құру, Қайыңды ФАП, Ертегі балабақшасы және Ғ.Бегалиев атындағы орта мектеп) жоба  бойынша 246 жаңа жұмыс орындары ашылып, жергілікті жерден 58 адам жұмыспен қамтылды.

Биылғы білім бюджеті 3 млрд. 715 млн. 126 мың теңгені құрап отыр. Бұл қаржы аудан бюджетінің 51,3 пайызын құрайды. Жалпақтал ауылындағы 140 орындық «Ертегі» бөбекжайына күрделі жөндеу жұмысына облыстық бюджеттен 93,676 млн.теңге және Қошанкөл ауылындағы 464 орындық Ғ.Беғалиев атындағы орта мектебіне күрделі жөндеу жұмысына 167,581 млн. теңге бөлінді. 2017 жылдың мамыр  айында аудандық бюджеттен 21,280 млн. теңгеге Қараоба, Болашақ, Қараөзен, Көктерек ауылындағы білім беру ұйымдарына төрт УАЗ автокөлігі сатып алынды. С.Есетов атындағы орта мектептің күрделі жөндеу жұмысына ЖСҚ жасатуға жергілікті бюджеттен 5 млн. теңге бөлінді.

Ауданға 2 анестезиолог, 6 жалпы тәжірибе дәрігері, нарколог, рентгенолог, лор және реаниматолог мамандары жетіспейді. Биылғы жылы денсаулық саласына 41,7 млн. теңгеге медициналық аппараттар сатып алынды.

"Ақбұлақ" бағдарламасы бойынша 2 318,4 млрд. теңгені құрайтын жұмыстар 13 елдімекенде іске асуда. «Ақ бұлақ» бағдарламасымен 13 ауылға су кіргізілсе, ауданның 63 пайызы ауыз сумен қамтылмақ.

– Соңғы кезде ауданда құрылыс қарқын алды. Биыл аудан орталығындағы 100 орындық жатақхана пайдалануға берілсе, аудан орталығынан 22 коммуналдық тұрғын үй салынуда. Бұдан бөлек Қазталов ауылында 900 орындық мектеп құрылысы (22,368 млн. теңге), Сарықұдық ауылында 60 орындық мектеп құрылысы (14,441млн. теңге), Қазталов  ауылында 2 қабатты 12 пәтерлі  үш тұрғын үй салу (4,427млн. теңге), Жалпақтал  ауылында 2 қабатты 12 пәтерлі  үш тұрғын үй салуға (3,150 млн. теңге), Қазталов ауылында 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйге инженерлік-коммуникациялық желілер (1,098 млн. теңге), Жалпақтал, Қазталов ауылдарындағы 61(1,176 млн. теңге) және 85 (2,000 млн. теңге) жер телімдеріне инженерлік-коммуникациялық желілер, Қазталов  ауылына Лекер бірінші су көтергіш станциясынан су құбырын тарту (4,400 млн. теңге), Көктерек(4,600 млн. теңге), Қарасу (4,200 млн. теңге) ауылдарын сумен жабдықтау, Кішкенешал, Талдықұдық, Кішіталдықұдық, Бейістерек ауылдарын газбен қамту (10,650 млн. теңге), Көмекші, Көктерек, Оразғали және Жұлдыз ауылдарын газбен қамту (15,008 млн. теңге), Серік, Сарықұдық, Қайшақұдық, Талдыапан және Қособа ауылдарын газбен қамту(11,799 млн. теңге), жұмыстарының жобалау-сметалық құжаттары әзірленуде, – деді А.Шыныбеков.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x