ЭКСПО-ға АҚШ делегациясы келеді

Dalanews 18 там. 2017 11:40 212

АҚШ президенті Дональд Трамп тамыз айының соңында Қазақстанға ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу үшін арнайы делегация жіберетінін хабарлады. Бұл туралы Ақүйдің ресми сайтында хабарланған.



«Бүгін президент Дональд Трамп 2017 жылдың 28 тамыз күні Астана қаласындағы «Болашақ энергиясы» ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысу үшін Қазақстан Республикасына сапар шегетін президенттік делегацияны тағайындады» делінген Ақ үйдің баспасөз парағында.

Делегация құрамында АҚШ-тың энергетика министрі Рик Перри бар. Ол делегацияны бастап келеді. Сондай-ақ, Қазақстандағы АҚШ елшісі Джордж Крол, конгрессмен Кевин Крамер, АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі көмекшісінің орынбасары Лиза Кертис, General Electric және Overseas Private Investment Corporation өкілдері бар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x