"Ғаламтор сіз үшін" жобасы жайында не білесіз?

Dalanews 05 қаз. 2017 11:06 250

Алматыда «Internet4U / Ғаламтор Сіз үшін» әлеуметтік білім беру жобасының алдын ала нәтижелерінің таныстырылымы өтті. Жоба нәтижелерін Қазақстандағы ғаламтор қолданушыларын арттыру және цифрлық теңсіздікті жоюға арналған модельдерінің бірі ретінде үкімет пен шағын және орта кәсіпорындарға қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін ұсынуға мүмкіндік береді.

Жобаны 2015 жылдың маусым айынан бері MediaNet Халықаралық журналистика орталығы «Шеврон» компаниясының қолдауымен жүзеге асыруда.

Картинки по запросу шеврон компания
Әлеуметтік жоба қазіргі уақытта Атырау, Астана және Алматы қалалары бойынша 4500-ден астам адамды қамтып отыр. Курсқа қатысушылар компьютерлік, интернет және бизнес сауаттылық бойынша тегін білім алуда. Курс студенттерінің арасында мемлекетік білім беру ұйымдарының, медициналық және әлеуметтік мекемелердің 1300-ден астам қызметкерлері бар. Атырау қаласында жобаны облыстық әкімшілік қолдап, 2016 жылы өңірдегі жобаның іске асуы аяқталғаннан кейін де тоқтатпады.



Internet4U жетекшісі Әділ Джалилов:  «Бұл жоба қазақстандықтардың арасындағы цифрлық теңсіздікті қысқартуға көмектесіп қана қоймай, халықтың әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерінің, цифрлық сауаттылығы мен еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға үлес қосуда.
Біз 2 жыл ішінде әр түрлі жастағы, әлеуметтік және материалдық жағдайдағы тұрғындарға сабақ берудің өзіндік тәсілдері мен әдістерін жинастыра білдік.

Біздің жинаған тәжірибеміз мемлекетке және өзге де бастамашыл топтарға пайдалы болуы мүмкін. Сол үшін де онымен бөлісуге әзірміз», – дейді.

Жоба қалай жасалды? 


Халықтың әлеуметтік әлсіз топтарының өкілдері арасында ақпараттық теңсіздікті жоюға бағытталған жоба Германия оқыту әдістемесі негізінде жасалған болатын. Жобаның басты ерекшелігі – Қазақстан жастарын волонтер-тренер ретінде жұмылдыру арқылы ұрпақ байланысын нығайту.
Компьютерлік және интернет сауаттылықты оқыту барысында негізгі фокус стационарлы компьютердегі стандартты бағдарламалармен жұмыс істеуге бағытталды.

Қатысушылар негізгі бағдарламаларды түсіну арқылы – түрлі ақылды машиналармен жұмыс істеу принциптерін де түсінеді. Бұл әдіс олардың кейіннен өз беттерімен жаңа бағдарламаларды меңгеруге мүмкіндік береді.
Жобаның басты мақсаты – қатысушыларды жұмыс берушілер тарапынан қойылатын және өздерінің жеке кәсіптерін бастауға көмегін тигізетін білім деңгейіне жеткізу.

Бағдарламада планшет, ұялы телефон және өзге де мобильді құрылғыларды пайдалануды да үйрететін тақырыптар бар. Бұл, негізінен, 40 жастан асқандар үшін қызықтырақ екеніне куә болып жүрімз.
Internet4U жобасы аясындағы бизнес курстар да нақты мысалдарға негізделген. Тыңдаушылар өздерінің ойларындағы бизнес идеяларын іске асыруды, оны жоспарлауды, жобаларды бастау және дамытуды саты-саты бойынша оқиды.

Жобаның алдын ала нәтижелері туралы «Шеврон» компаниясының өкілі Айнұр Сыдықова:


«Қазақстанмен серіктес болған 25 жыл ішінде «Шеврон» компаниясы тек мұнай-газ саласында ғана емес, сонымен қатар өзінің барлық көпсалалы жобалары мен әлеуметтік инвестицияларында да жаңа технологияларды ендіріп, олармен таныстырып келеді. MediaNet Халықаралық журналистика орталығы дайындаған бірегей әдіснама өзге де қазақстандықтардың интернет мен компьютерді үйренулеріне үлкен септігін тигізеді деп үміттенеміз»

деді.

«Internet4U / Ғаламтор Сіз үшін» әлеуметтік білім беру жобасы аясында білім, медицина, әлеуметтік сала қызметкерлері, жас аналар, зейнеткерлер, оралмандар, кітапханашылар, біліктілікті талап етпейтін физикалық жұмыспен айналысатындар, жұымыссыздар, менеджерлер, сатушылар, жеке кәсіпкерлер және тағы да басқа көптеген мамандар өздерінің цифрлық технология саласындағы білімдерін арттыруда. Бұл – олардың болашаққа ұмтылыс жасаулары үшін беріліп отырған зор мүмкіндік екені сөзсіз.
Қатысушылардың орташа жасы – 47-де. Кейде курсқа отбасымен де келетін азаматтар болады.

Білім, медицина, әлеуметтік сала қызметкерлері үшін, олардың жұмыс жағдайындағы талаптарды ескере отырып арнайы бағдарламалар да дайындалды.

Курста оқығандардың қатарында Астана қаласындағы «№ 64 «Асыл бөбек» тірек-қозғалыс аппараты бұзылған балаларға арналған балабақшасы» МҚКМ, Алматы қаласындағы №30, 178, 181, 159, 104, 86, 133 жалпы білім беретін мектептер, Алматы қалалық №1 және №2 ПМӘК (психоло-медико-әлеуметтік кеңесінің), психоневрологиялық ауытқулары бар балалардың күндізгі болуы орталығы және қалалық ардагерлер үйінің, Н.Островский атындағы зағип және көздер нашар көретін балаларға арналған № 4 арнайы мектеп-интернатының қызметкерлері мен қызмет алушылары бар.

«Internet4U / Ғаламтор Сіз үшін» әлеуметтік жобасы және оған ұқсас жобалар біздің еліміздің әр түрлі әлеуметтік салаларына ауадай қажет. Оның екі жарым жыл ішінде дайындаған оңай икемделетін әдіснамасы Қазақстан бойынша мемлекеттік, ірі және шағын кәсіпорындардың қызметкерлерінің біліктілігін арттыру үшін кеңінен пайдалануға мүмкіндік береді. Бұл жобаны тіптен шалғай ауылдарда орналасқан отбасылар үшін де икемдеуге болады.



 

Internet4U әлеуметтік білім беру жобасы дәл уақытында қолға алынғандығын уақыт төреші көрсетіп отыр.

«Ғаламтор Сіз үшін» жобасы қатысушылардың ортасын кеңейтіп, жұмысқа тұру мүмкіндіктерін ашып келеді, ұрпақтар арасындағы байланысты нығайтып, волонтерлер қозғалысын дамытуда. Үстіміздегі жылдың соңына дейін жоба аясында жүздеген тұрғын ғаламтор, компьютерлік және бизнес сауаттылыққа қол жеткізбек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x