Ел бірлігін еселейтін мереке

Dalanews 28 қыр. 2017 15:16 182

Ордабасы ауданында Қазақстан Республикасы халқы Тілдерінің мерекесі мен Еңбек күніне орай салтанатты жиын өтті.



Ордабасылықтарды мерекемен құттықтаған аудан әкімі Рашид Қайыпжанов:

– Байтақ мекенде баршамызды біріктіре түсетін ортақ құндылықтар бар. Ол – біздің шежірелі тарихымыз және біздің байтақ мәдени мұрамыз, қазығы берік мемлекеттік тіліміз. Бүгінге дейін Қазақстан – елімізді мекендейтін этностардың тілі мен мәдениеттерін дамытуға жағдай жасап келген бірден-бір мемлекет. Бұл әлемдік тәжірибеде өте сирек кездесетін құбылыс. Ел бірлігін еселейтін бұл құндылықтар отаншылдық сезімін орнықтырады. Сонда тәуелсіздігіміз мәңгі, ұлысымыз ырысты болары сөзсіз, – деді.

Аудандық мәслихаттың хатшысы Баймахан Сәдуақасов еліміздегі латын әліпбиіне ауысуға қатысты реформаның маңыздылығына тоқтала келе, көпшілікке ізгі тілегін жеткізді.

Сонымен қатар, "Ел бірлігі" қоғамдық бірлестігінің аудандағы өкілі, еңбек ардагері Гайдар Дәнешұлы, Түрік этно-мәдени орталығының төрағасы Тазабек Ахметов, Славян ұлттық орталығының өкілі Ксения Серинькова сөз алып, көпшілікке жүрекжарды тілектерін арнады.

Мерекелік шара аясында түрлі сала үздіктері мен тіл жанашырлары марапатталып, құрметке бөленді. Жиын концерттік бағдарламаға ұласты.




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x