Ордабасы ауданында «Электронды үкімет» тиімділігі түсіндірілді

Dalanews 27 қыр. 2017 14:53 236

«Электронды үкімет» веб-порталында электронды қызметтерді пайдалану және ЭЦҚ алу тәртібін түсіндіру үшін аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Е.Бөлебай мен Ордабасы ауданы әкімі аппаратының ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Н.Омаров ауыл тұрғындарымен кездесіп, жиын өткізді. Түсіндіру шаралары 10 ауыл округінде де ұйымдастырылды.



Бүгінде Қазақстанда электронды үкіметті қалыптастырудың нақты нәтижелері қызмет түрін тұтынушыларға уақыт үнемдеуге, кейбір жағдайларда жолақысына жұмсалатын қаражат үнемдеуге мүмкіндік туғызып отыр. Мемлекеттік қызметші тарапынан болатын ықтимал сыбайластық, дөрекілік, қарымта ақы сұрау сынды келеңсіздіктердің жолын бөгеуге септігін тигізіп, қызмет көрсету үдерісін біршама жеңілдетіп отырғандығы да айдан анық. Осы күні жетілдіріліп, жаңа сапалық деңгейге көтерілген қызметтерге «Электрондық Үкімет» бағдарламасының аясында бірқатар шаралар жүзеге асырылуда.

Ат арылтып, мекемелердің табалдырығын тоздыратын заман өтті. Ендігі кезекте, кез келген азамат өз үйінде интернет арқылы қажетті анықтаманы алдыруға мүмкіндігі бар. Әйтсе де, аталған қызмет түрін интернет жүйесі арқылы пайдалану үшін тұтынушы міндетті электрондық құжатқа қол жеткізуі керек.

«Электрондық үкімет» (e-Government) термині барлық мемлекеттік органдардың басын біріктіріп, оларға интернеттің, электронды терминалдардың немесе тіпті ұялы телефондардың көмегімен тұрғындарға қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін біртұтас жүйесі болып табылады. Бағдарламаның жеке тұлғаларға ғана емес, заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерге де қатысы бар.Электрондық құжат дегеніміз әрбір электронды қызмет түрін тұтынушының интернет жүйесіне тіркеліп, жеке электрондық кілт алып, электрондық қолтаңбасын тіркеуі болып табылады. Электронды кілт алу үшін жеке тұлға өзінің жеке куәлігімен қызмет көрсету орталығына келіп, сұраным беруі керек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x