Атышулы шенеунік қызметінен кетті

Dalanews 25 қыр. 2017 11:04 196

Талдықорған әкімінің бірінші орынбасары Асқар Тутубаев өз еркімен жұмыстан кету туралы өтініш жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкелге сілтеме жасап.

Асқар Тутубаев жұмыстан кету туралы өтінішті 14 қыркүйекте жазған. 15 қыркүйекте оның өтініші қанағаттандырылған. Енді Асқар Тутубаев мемлекеттік қызметкер емес.
Экс-шенеунік қандай да бір пікір білдіруден бас тартты.

Еске сала кетейік, осыған дейін Талдықорған әкімдігінде қала әкімінің міндетін атқарушы Асқар Тутубаев пен кәсіпкер Алмасбек Садырбаевтың төбелес шығарғаны хабарланған болатын.

Сондай-ақ, кейінірек Талдықорғанда төбелес шығарған шенеунік тағы бір даулы роликтің кейіпкері болғаны айтылды.

 

Dalanews.kz редакциясы атынан: 


Әкім Асқар Тутубаевтың аты бұған дейін де баспасөзде жиі аталған болатын.
Оның Қытайдан келген этникалық қазақ Қонай Масипханды ақшамызды алып, қайтармай жүр деп інісі арқылы сотқа бергені хабарланған.

Кәсіпкер болса інісі Бақытбек Тутубаев тергеу изоляторында ұрып, қорқытып қолхат жаздырып алғандығын айтады. Сондай-ақ, Тутубаевтар өзін түрмеге отырғызамыз деп қоқан-лоқы жасап, үнемі қысымға алатындығын, екі жыл бойы паспортсыз Алматыда жүргенін айтқан болатын.

Бұл іс қазір бұрынғы терегу кезіндегі заңсыздықтарға байланысты  Іле аудандық полициясына қайталай тергеуге жіберілген. Қонай Масипхан мен Тутубаевтар арасындағы сотты  Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Қайрат Қожамжаровтың өз назарына алатыны белгілі болған еді. Сөйткен Тутубаев қызметінен кетіпті…

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x