300 млн теңгенің кəдесыйлары сатылды

Dalanews 22 қыр. 2017 14:01 217

Көрмені өткізу кезеңінде 630-дан аса сауда нүктесі кәдесый өнімдерін сатумен айналысты. Бұл туралы Астана Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы Рыскүл Қауғабаеваға сілтемемен астана әкімшілігінің медиа-орталығы хабарлады.



Көрме дүкендері 250 өнім түрін сатқан. Осы жазда аталмыш сауда нүктелерінде 300 млн теңгеге 175 мыңнан артық лицензияланған өнім өткізілген. Рыскүл Қауғабаеваның айтуынша, елорда тұрғындары мен қонақтары арасында ең танымал теріден, саздан, күмістен, киізден жасалған және көркемөнер туындылары кәдесый  өнімдері болды. Астанада сәндік-қолданбалы өнерді дәріптеу үшін елордалық Арбат, «Бәйтерек» монументінің жанында «Қолөнершілер қаласы», Нұр Жол гүлзарында кәдесый дүкеншіктері ашылды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x