«Төреш зорығып қалма». 5 күн концерт беру оңай емес.

Dalanews 23 там. 2017 03:18 244

Төреғали Төреәлі 25 жасқа толуына орай Алматыда 5 күн қатарынан концерт бермек. Мұндай шара елімізде алғаш рет ұйымдастырылғалы отыр. Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.



Ұлы дала баласының “Айхай-25” атты концерті Республика сарайында 10-14 қазан аралығында өтпек.

Бір қызығы, 5 күнге жалғасатын концерттің әр күнінде әртүрлі әншілер өнер көрсетеді. Мәселен, алғашқы күні Еркін Нұржанов, Гүлнұр Оразымбетова, Тамара Асар сынды әншілер Төреғалидің концертінде қонақ болса, екінші күні Нұржан Керменбаев, Айқын Төлепберген сынды танымалдар қатыспақ. Ал еліміздің ең танымал жұлдыздары – Мейрамбек Бесбаев, Қайрат Нұртас, Қыдырәлі мен Қарақат, Тоқтар Серіков пен Алтынбек Қоразбаев бесінші күнгі концертте көрерменмен қауышпақ

 

https://dalanews.kz/26747

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x