Курчатов қаласы 70 жылдық мерейтойын атап өтуде

Dalanews 21 там. 2017 10:48 279

Шығыс Қазақстанда Курчатов қаласының 70 жылдық мерейтойы атап өтілуде. Құрылу тарихы КСРО ядролық қаруының сынағынан басталатын шаһар қазірде тәуелсіз Қазақстанның басты ядролық физика орталығына айналған.



Қала мерейтойы 18, 19, 20 тамыз күндері үш күн қатарынан атап өтіліп, түрлі кең ауқымды шаралар өткізіледі. Соның ішінде «Ядролық технологиялар паркі» АҚ, Семей ядролық сынақ полигоны мұражайына экскурсиялар ұйымдастырылса, қала орталығында мәдени, спорттық шаралар өтеді.

Естеріңізге сала кетсек, 1949 жылы 29 тамызда полигонда алғашқы сынақ жұмыстары жүргізілген. Аталмыш жұмыстар белгілі физик маман Игорь Васильевич Курчатовтың басшылығымен іске асқан.

Қазірде Курчатов қаласы Қазақстанның ядролық физика саласының орталығы болып табылады. Ұлттық ядролық орталық орналасқан қалада «Токамақ» жобасы іске асуда. Бұл жоба Астана қаласында өтіп жатқан «ЕХРО-2017» көрмесінің басты нысанына айналған.

 

 

https://dalanews.kz/19584

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x