Рухани жаңғыру – Шығыста үзідіктерді анықтаудың ІІ кезеңі өтуде

Dalanews 21 там. 2017 10:27 236

ШҚО-да жарияланған «Үздік шағын қала», «Үздік аудан» және «Үздік ауыл» байқауының ІІ кезеңі басталды. Арнайы құрылған комиссия мүшелері байқауға қатысуға тілек білдірген 15 ауыл, 2 шағын қала және 15 ауданда болып, жеңімпаз аймақты анықтамақ.



«Туған жер» бағдарламасының аясында «Ұлттық құндылықтар – ел бірлігі» жобасы бойынша Шығыс Қазақстанда «Үздік ауыл», «Үздік шағын қала» және «Үздік аудан» байқауы жарияланған. 15 маусым мен 30 қыркүйек аралығында өткізілетін байқауда әсіресе көшені абаттандыру жұмыстары сарапқа алынады.

Бірінші кезеңде байқауға қатысушылар тіркелсе, 14 тамыздан бастап байқаудың екінші кезеңі өтуде. ШҚО әкімінің орынбасары Серік Ақтанов бастаған және бірқатар басқармалардан, «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалынан және Қоғамдық кеңес ұйымынан мүше болып кірген комисиия мүшелері ауыл-аймақтарда болып, жеңімпаздарды анықтайды.

Арнайы комисиия шешімімен жеңімпаз атанған ауылға, шағын қалаға және ауданға инфроқұрылымды одан әрі дамыту мақсатында сыйақы беріледі.

 

https://dalanews.kz/28975

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x