4 адам әкім болғысы келеді

Dalanews 05 там. 2017 06:20 318

Елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы басталды. Тамыздың соңына дейін барлық облыста елді-мекен басшылары ауысады.



Аудан әкімі ұсынған кандидаттарды аудандық мәслихаттың депутаттары таңдайды. Яғни, әкімдер сайлауы бүгін басталып, 24-ші тамызда аяқталады.
Жалпы, 1413 әкім жаңадан сайлануы тиіс. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, қазір 4 мыңға жуық үміткер тіркеліпті. Енді аудандық мәслихаттың депутаттары арнайы жиын өткізіп, кандидаттарға дауыс беруі тиіс. Бақылаушылар да болады.

Дауыс беру аяқталған соң, аймақтық сайлау комиссиясы саяси науқанның қорытындысын жариялайды. Айта кетейік, ауыл әкімдерінің қызметтік мерзімі 4 жылда аяқталады.

 

Дереккөзі: КТК арнасы

 

https://dalanews.kz/28448

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x