Президент зәулім үйден бас тартты

Dalanews 15 шіл. 2017 11:37 281

Моңғолияның жаңа президенті Халтмаагийн Баттулга резиденцияда тұрудан бас тартты,  – деп хабарлайды "Монголия Сейчас". Бұл резиденциямен парламент төрағасы Миеэгомбын Энхболд пен премьер-министр Жаргалтулгын Эрдэнэбаттың зәулім үйлерімен көрші тұр. 

Соңғы 63 жылда Моңғолияның барлық басшысы Юмжагийн Цэдэнбал, Жамбын Батмунх, Пунсалмаагийн Очирбат, Нацагийн Багабанди, Намбарын Энхбаяр және Цахиагийн Элбэгдорж Богдо уул тауларының бөктеріндегі күзет қойылған жерде тұрып келген.

Басылымның мәліметінше, Баттулга Орталық поштаға қарама-қарсы кішігірім үйге көшіп барыпты. Бұлжер Цэдэнбалдың қысқы пәтері болған. Моңғолия президенті жұмысқа жаяу барады, үйінен жұмыс орнына дейінгі аралық - 400 метр.

Президент әкімшілігінің өкілдері басқа шенеуніктердің де үлкен көліктерден бас тартып, жұмыс пен өміріндегі қымбат заттарды қолданбайтын болады деп үміттенеді.  Еске салайық, Демократиялық партиядан шыққан оппозициялық кандидат Баттулга 2017 жылдың 8 шілдесінде президенттік сайлаудың екінші турында 50,6 пайыз дауыс жинап, жеңіске жеткен еді. Газета.ru мәліметінше, сайланған мемлекет басшысы антиолигарх кандидат болып көрінгісі келеді екен де, алайда өзі бизнес-магнат әрі Моңғолияның ең бай адамдарының бірі болып қалып отыр. Оның қызметі ауыл шаруашылығы мен туризм салалары.

 

Дереккөзі: kaz.tengrinews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x