Елбасы Өскеменде «Нұрлы жол» саябағын ашты

Dalanews 14 шіл. 2017 08:59 333

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өскеменде «Нұрлы жол» саябағын ашты. Мемлекет басшысы «Нұрлы жол» саябағын ашу барысында жұртшылықпен кездесуде олардың «ЭКСПО-2017» көрмесінен алған әсерлеріне қызығушылық танытты. Мемлекет басшысы Шығыс Қазақстан облысын ерекше жақсы көретінін айтып, қасиетті өлкеге жиі келетінін тілге тиек етті. Нұрсұлтан Назарбаев болашақ энергиясы туралы ойымен бөлісіп, Даниал Ахметовке өңірдің гидроэнергетикалық әлеуетін, сондай-ақ басқа да энергетика көздерін, соның ішінде күн энергиясын белсенді пайдалануды тапсырды.

«Нұрлы жол» жаңа саябағы бұрын бос жатқан жерге салынды. Оның жобасы заманауи үрдістер ескеріле отырып, ландшафтты дизайнда жасалған. Бүгінде бұл жерде драма театры, мектеп пен оңалту орталығынан тұратын заманауи кешен бой көтерді.

«Келешекте мұнда көпқабатты 10 үйден тұратын үлкен тұрғын үй кешені салынады», – деді монумент архитекторы Сәрсен Сейітов. Саябақтың көркін «Нұрлы жол» атты басты монумент келтіруде.

Сәулетшінің айтуынша, монументтің екі стелласы Қазақстан туының түсімен жасалған және ол екі құрлық – Еуропа мен Азияның тоғысуын білдіреді. Стеллаларды ортақ шаңырақ біріктіріп тұр, оның үстінде қазақ халқының еркіндігінің символы – қыран құс қалықтауда.

Қыран құс алтын түсте жасалған. Елбасы Өскеменде «Нұрлы жол» саябағын ашты Елбасы Өскеменде «Нұрлы жол» саябағын ашты Президенттің назарына сондай-ақ архитектуралық көрме ұсынылатын болады. Онда Шілікті, Зайсан, Берел қорғандары мен Аблайкит будда ғибадатханасында жасалған қазба жұмыстары кезінде табылған 2 мың артефакт қойылған.

 

Дереккөзі: inform.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x