Отқа оранған автобустан 17 адамды құтқарған азамат марапатталды

Dalanews 10 шіл. 2017 04:44 153

Қазығұрт ауданының тұрғыны Дәулет Байқабылов 2010 жылы жанып жатқан автобустан 17 адамды аман алып шыққан. Оқыс жағдай Алматы-Ташкент тасжолының бойында орын алған.

Байырғы өрт сөндіруші сол күні Алматыға шілдехана тойына сапарлап бара жатқан. Жамбыл облысының аумағынан өте бергенде, кенеттен автобус пен ауыр жүк көлігі қарама-қарсы соқтығысып, қоғамдық көлік отқа оранады. Антына адал ел ағасы өз өміріне төнген қауіпке қарамай, қызыл жалынның ішінде қалып қойған адамдарды біртіндеп далаға алып шығады.

Тіпті лапылдап жанып жатқан көліктің ішінен алып шыққан жаралыларды автобустан мүмкіндігінше алыс жерге апарып, кейбірін жолшыбай өткен көліктерге мінгізіп ауруханаға жөнелткен.

Тек өкініштісі, үш бауыры осы жанып жатқан автобустың ішінде қалып қойған. Бейбіт күннің батыры 7 жылдан кейін «Ерлігі үшін»  төсбелгісін кеудесіне тақты.

–  Апат болғанда, бұрын істемеген, көрмеген адам өзгелерді ала алмайды, тіпті қарай алмайды. Қолымнан келгенше қол ұшымды тигіздім. Автобустың алды жанып жатқан соң, артқы жағына кіріп, адамдарды шығардым. Ең соңнда Назерген қарындасымды алып шықтым. Үш жақынымды сол жерден алып шыға алмай қалдым. Өкінішім сол болды, – дейді байырғы құтқарушы Дәулет Байқабылов.

 

Дереккөзі: 24.kz/kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x