«Халық банк» «Казком» жай акцияларын иелену кезеңін аяқтады

Dalanews 05 шіл. 2017 09:33 153

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ 2017 жылғы 15 маусымда Кеңес Рақышев мырзаның (86.09%) және және Ұлттық Әл-ауқат Қоры «Самұрық-Қазына» АҚ (10.72% сәйкесінше) жалпы алғанда Қазкоммерцбанк 96.81% жай акцияларын сатып алу-сату бойынша мәміле өз мәресіне жеткенін хабарлады.

Мәміленің аяқталуы алдын ала бірқатар шарттар орындалғаннан кейін өз мәресіне жетті, соның ішінде:

  • Халық банк және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі (ары қарай – Ұлттық банк)тарапынан кешенді тексерістің жүргізілуінің аяқталуы

  • Субханбердин мырза және Орталық-Азия Инвестициялық Компаниясы иелік ететін «Қазкоммерцбанк» АҚ акциялар пакетін Рақышев мырза сатып алуы

  • »Қазкоммерцбанк» алдындағы «БТА Банкінің» толық қарызының өтеуі

  • Қазақстандағы тиісті реттеуші органдар және белгілі бір басқа да құзіретті орындардан стандартты реттеуші мақұлдамасын алуы

  • 2014 жылғы келісім бойынша «Қазкоммерцбанк» АҚ «Самұрық-Қазына» АҚ алдындағы «БТА АҚ акциялары үшін 41 млрд. теңге қарызын өтеуі.


Осыған дейін хабарлағандай, ҚРҰБ келісімімен «Халық банк» «Казкоммерцбанктің» меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициентін салыстыруға болатын қазақстандық банктер ұстанатын мәндерге сай келтіру үшін «Казкоммерцбанкті» 185 млрд. теңгеге қосымша капиталдандыратыны жоспарлануда. Осы мәліміле жөнінде «Халық банкі» Басқарма Төрайымы Үміт Шаяхметова өз пікірін білдірді:

Еліміздегікең филиалдық желісі, көлемі ауқымды клиенттік операциялары бар ірі қаржы институтын иелену бойынша мәмілені сәтті аяқтау «Халық банк» командасы және оның кеңесшілерінің үйлесімді жұмысының нәтижесі болып табылады. Ауқымды мәміле бойынша көптеген тараптар қатысты, оның ішінде Ұлттық банк, Қаржы министрлігі, «Самұрық-Қазына» АҚ. Бұл ретте айта кету керек, «Халық банк» «Қазкоммерцбанк» АҚ кешенді тексеру бойынша жан-жақты теңдесі жоқ бірегей жұмыс ұйымдастырғандығы мәміленің сәтті аяқталуына жетеледі. «Қазкоммерцбанктің» жаңа менеджменті алдына акционерлердің тарпынан әзірлеу және жүзеге асыру, «Halyk Group» шеңберінде банктің даму стратегиясын құру міндеттері қойылды, бұл әрекеттердің барлығы топ деңгейінде өсуімен акионерлік құнның жоғарылауын қамтамасыз етеді. Біз ИТ-технология саласын дамытуды жалғастырып, клиенттерді кредиттеуді қайта бастап және «Казкоммерцбанк» кәсіби кадрларды сақтап қалуға, клиенттік сервистің сапасын жақсартуға бар күш-жігерімізді саламыз, – деді.

Досбол АРЫСТАНБЕКОВ, «Қазақстан Халық банкі» PR-қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x