Батыста Аймақтық коммуникациялар қызметі құрылды

Dalanews 29 мау. 2017 04:08 215

Батыс Қазақстан облысында Аймақтық коммуникациялар қызметі құрылып, оны басқару ісі белгілі саясаттанушы Дәурен Сәкенұлына жүктелді.

Еліміздің бірқатар аймақтарында жұмыс істеп жатқан Аймақтық коммуникациялар қызметі жергілікті билік орындарының жұмысын көпшілікке жан-жақты насихаттап, халық пен билік арасына дәнекер болып отырғанын білеміз. Осындай маңызды құрылымның Батыс Қазақстан облысында құрылуы аймақтың ақпараттық-идеологиялық жұмысына серпін беретіні сөзсіз.

Ал «БҚО Аймақтың коммуникациялар қызметінің» жұмысына жетекшілік жасауға жас саясаттанушы Дәурен Сәкенұлының тағайындалуы, жаңа құрылымның жұмысының жемісті болуына кепілдік беретіні сөзсіз. Өйткені, еліміздің ақпарттық жүйесінде мол тәжірибе жинаған Дәурен Сәкенұлы өзінің іс-тәжірибесін пайдаланып, БҚО әкімдігінің ақпараттық саясатын оң бағытта дамуына бар күш-жігерін жұмсайтыны анық.

Өз кезегінде Артур Нығметов Фейсбуктағы парақшасында: «Облыс басшысы Алтай Сейдірұлы Көлгінов мырза мен БҚО Ішкі саясат басқармасының маңызды бастамаға қолдау білдіргеніне алғыс айтамын. Жаңадан құрылған Аймақтық коммуникациялар қызметі БҚО мемлекеттің ақпараттық саясатының сәтті жүзеге асуына оң ықпал ететіне сенімдімін», – деп өзінің ыстық  ықыласын жолдапты.



Екі бөлім мен 11 қызметкерден тұратын Аймақтық коммуникациялар қызметі Батыс Қазақстан облысының имиджін қалыптастыруда көптеген жұмыстар күтіп тұр. Сондықтан қоғамдық-саяси өмірімізде сарабдал сарапшы ретінде танылған Дәурен Сәкенұлы мен жаңа ұжымға сәттілік тілейміз!

Dalanews.kz

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x