Сенат депутаттығынан үміткерлер сайлаушылармен кездесті

Dalanews 25 мау. 2017 07:58 117

28 маусым Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау күні. Бүгінгі таңда олар сайлау алды үгіт- насихат жұмыстарын бастап кетті. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығынан үміткер 3 азамат Созақ ауданында болып, сайлаушыларымен кездесу өткізді. Жиынды облыстық сайлау комиссиясының өкілі Өміралиев Әлібек Каденұлы жүргізді.
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер болып «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлімжан Құртаев, облыстық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Асылхан Темірхан, «Стандарт-Цемент» зауытының бас инженері Сейтжаппар Есжанов кездесу барасында өздерінің сайлау алды тұғырнамасымен таныстырды. Қазақстан Республикасы Парламент Сенатаның депутаттығына үміткер Сейтжаппар Есжанов халық қалаулысы атану үлкен жауапкершілік екенін айтып, өзіңнің бағдарламасымен таныстырды. Негізгі бағыттары әлеуметтік сала, білім саласы, денсаулық, ауыл шаруашылық саласын дамытуға басым бағыттар береміз деді. Сондай-ақ, тағы бір үміткер Асылхан Темірхан экспортқа бағытталған кәсіпорындар санын арттыру, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, білім беру жүйесін жетілдіру сенат депутаты болып сайланғандағы басым міндеттері екенін атап өтті.
Бұдан соң атаулы лауазымнан үміткер Әлімжан Құртаевтың  елге тиер тиімді іс- әрекеттеін атап өтті. Мәселен қолжетімді және сапалы денаулық сақтау жүйесін құру, көпсалалы сапалы зияткерлік білім беру жүйесін құру, ең бастысы ауыл жағдайын көтеретін арнайы бағдарламасымен таныстырды.

Жиынды облыстық сайлау комиссиясының өкілі Өміралиев Әлібек Каденұлы қортындылап, үміткерлерге сәттілік тіледі.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x