"Жасыл ел" Оңтүстікті көріктендірмек

Dalanews 05 мау. 2017 07:03 240

Оңтүстік Қазақстанда «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жазғы жұмыс маусымы басталды. Осыған орай, Шымкенттегі Дендросаясабақта «Жасыл желек жайқалсын» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды. Жиынға қатысқан облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков «Жасыл ел» сарбаздарының жазғы еңбек маусымына сәттілік тілеп, арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны тамашалады деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен 2005 жылы еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға, жастардың Отанға деген патриоттық сезімдерін оятуға және студенттер мен жұмыссыз жастардың жұмыспен қамту мәселелерін шешуге бағытталған «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары құрылған болатын.

Осынау 12 жыл ішінде күнгейлік 13 мыңнан аса жас облысымыздың  көгалдандыру-көріктендіру жұмыстарына жұмылдырылып, бірқатар шаруалардың атқарылуына себепші болған еді.

Биыл да бұл жұмыстар маусым айынан бастап қазан айына дейін жалғасын таппақ. Бұл жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтарының құрамында 1275 жас жұмыс істеп, еңбек етеді деп күтілуде. Ал олардың оташа еңбек жалақысы 45-50 мың теңге көлемінде болады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x