Кен өндіруші кәсіпорын Жарма ауданына 30 млн теңге инвестиция құймақ

Dalanews 20 мау. 2017 10:33 189

ШҚО-да орналасқан Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны соңғы үш жылдың ішінде Жарма ауданының дамуына 1,74 млрд теңге көлемінде инвестиция құйған. Аталмыш кәсіпорын Әуезов кентінің тұрғындарын жұмыспен қамтып қана қоймай, мектеп, аурухана жөндеуіне қаржы бөліп келеді.

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын іске асыру мақсатында тау-кен өндіруші кәсіпорын ауылды аймақтардың әлеуметтік дамуына үлес қосуда.

Соңғы үш жылда жарма ауданының Әуезов, Шалабай ауылдарынның дамуына 1, 74 млрд теңге қаржы берілді. Біздің кәсіпорын мұнымен тоқтап қалмай, әлі де қолдау көрсете бермек. Себебі бұл ауылдың емес, келер ұрпақтың дамуына тартылған инвестиция деп түсінеміз, – деді «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» ЖШС Бас директоры Юрий Овчинников.

Кәсіпорын осыған дейін облыс, республика бюджетіне және бюджеттік емес қорларға 1,2 млрд теңге салық төлеген.

Айта кетсек, Бақыршық кен орнында қызмет атқаратын қызметкерлердің 40%-ы Әуезов кентінің тұрғындары. Өткен жылы аталмыш кәсіпорын ауылда 240 млн теңгеге 180 балаға арналған «Аққу» балабақшасын күрделі жөндеуден өткізді. 20 жыл бойы бос тұрған мекемені жөндеп, техникамен жабдықтағаннан кейін, балабақша өз жұмысын бастап, 40 адам жұмыспен қамтылды.

– «Полиметалл» компаниясының арқасында бірнеше жыл бойы қаңырап бос тұрған балабақшаның мекемесі жөндеуден өтіп, іске қосылды. Қазір бұл жерде баланың өй-өрісін дамытуға арналған барлық жабдықтар бар, – деді балабақша меңгерушісі Назкен Бектұрғанова.



Сондай-ақ, меморандум аясында ауылдағы емхана, мектеп және еркін күреске арналған спорт зал күрделі жөндеуден өтті.

Жыл сайын «Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорны» мектеп түлектеріне 4 грант бөліп, қазірде Қазақстанның бірқатар университеттерінде 23 студент білім алуда. Алдағы уақытта кәсіпорын студенттерді толықтай жұмыспен қамтуға әзір.

Биылғы жылдың ақпан айында кәсіпорын басшылығы Жарма ауданының әкімдігімен меморандумға қол қойып, ауданның дамуына 30 млн теңге қаржы бөлсе, облыс әкімдігімен келісімшарт аясында аймақтағы инфрақұрылымның дамуына 750 млн теңге қаржы бөліп отыр.

Әуезов кентінің тұрғыны Базарбек Жақпеков айтып өткендей, «Полиметалл» компаниясы ауылдың әлеуметтік дамуына зор үлес қосуда. Бірқатар нысандар жөндеуден өтіп, тұрғындар жұмыспен қамтылған.

Аталмыш елді-мекеннің инфрақұрылымын дамыту үшін кәсіпорын жалпы соммасы 2 млн теңгеге әлеуметтік-инвестициялыұ жобаларды іске асыруда. Соның ішінде «Бұрсақ – Әуезов» жолы жөнеуден өтіп, ауылды сумен, жылумен қамтитын жүйелер салынып, жаңадан жылу қазандығы да бой көтеріп келеді.



 

ШҚО әкімі баспасөз қызметі

 

https://dalanews.kz/27875

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x