ЭКСПО-ны көріп кету көрсеткіші 1 миллионнан асты

Dalanews 20 мау. 2017 08:29 201

Өткен аптада ЭКСПО-2017 көрмесіне 205 561 адам келіп кетті, – деп xабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарушы директоры Бейбіт Қарымсақовтың айтуынша, осы уақытқа дейін павильондарға адамдардың кіріп шығу көрсеткіші 1 млн 57 мыңнан асты.

– Бір қонағымыз бір күннің ішінде 5-6 павильонды көріп үлгереді. Біздің есебімізге сәйкес, осы уақытқа дейін көрмеге 26 мыңнан астам шетел азаматы келіп кетті. Ол барлық қонақтардың 13 пайызын құрап отыр, – деді Қарымсақов Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның сөзіне қарағанда, көрмеге келген 10 адам – 6 жасқа дейінгі балалар болса, мүгедектер мен ардагерлердің саны 2 мыңнан асты.

– 14 мың адам ол – оқушылар, студенттер мен зейнеткерлер. Қазіргі динамикаға қарасақ, көрмеге келетін адамдардың саны күн сайын артып келеді. Мысалы, алғашқы күні 17 мың адам келсе, өткен жұмада 34 мыңнан астам адам келіп кетті, – деп атап көрсетті компанияның басқарушы директоры.

Айта кетейік, жоспар бойынша Астанадағы ЭКСПО-2017 көрмесіне келіп кететін адамдардың саны 2-2,5 млн болады. Ал павильондарды көріп кету көрсеткіші 5 млн-ға жетуі тиіс. Себебі бір адам, кем дегенде, екі рет келіп кетеді деген болжам бар.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x