Ләйлә Сұлтанқызы шетелге кетеді

Dalanews 15 мау. 2017 03:49 302

«Балапан» телеарнасының басшылығынан босатылған Ләйлә Сұлтанқызы бірнеше жылға шетелге кетпекші.

Бұған дейін dalanews.kz сайтында Ләйлә Сұлтанқызының «Балапан» телеарнасының жұмысын көпшіліктің көңілінен шығатындай деңгейге көтере алмағаны жазған едік. Мақалада Ләйлә ханымының көп уақытын шоу-бизнеске арнап, «Балапан» арнасының жұмысын қожыратып алғанын сөз еткен болатынбыз. Жаңа басшылық «Балапан» арнасының жұмысын қаншалықты жаңғырта алатыны әзірге белгісіз. Бұл енді уақыттың еншісіндегі шаруа.

«Балапан» телеарнасының құрылғанына 7 жыл болса, оны 5 жыл Ләйлә Сұлтанқызы басқарып, осы жылдар ішінде 300-ге жуық жоба дүниеге келіпті. Осынша қыруар жұмыс атқарылса да қазақ балалары шетелдің балаларға арналған теларанасын көріп келгені жасырын емес. Сондықтан алдағы уақытта «Балапанның» жаңа басшылары қазақ балалары көз алмай қарайтын мультфильмдер түсіруі керек. Бұл үшін мықты мамандарды «Балапан» арнасына тартып, «Қазақфильммен» тізе қосып жұмыс істеуі қажет-ақ. Ал «Балапанның» бағы аша алмаған Ләйлә ханым болса:

– Бес жыл балалармен үйде отырып, балалар арналарын тамашаладым. Балаларымның не көретіні қызықты, қысқасы осы жылдар ішінде шетелдік балалар арналарын зерттедім десем де болады, – депті. Бірақ одан ауыз толтырып айтып жүретінде нәтиже шықпағанын бәріміз білеміз. Енді шетелге оқуға аттанып, таным көкжиегін кеңейтуге ниеттенген Ләйләға сәттілік басқа тілеріміз жоқ.

 

Н.Әубәкір

 

https://dalanews.kz/24503

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x