Қандай айыппұлдардың сомасы азаятынын біле жүріңіз

Dalanews 14 мау. 2017 07:15 220

ҚР Әділет министрлігі Tengrinews.kz редакциясының ресми хатына берген жауабында жол қозғалысы ережелерін бұзғандарға салынатын қандай айыппұлдардың сомасын төмендету жоспарланып отырғанын айтып берді.

Қазақстанның Әділет министрлігі кейбір айыппұл сомасын азайтатын "Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңының жобасын дайындады.

Заң жобасы осы айда Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізіледі.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 602-бабында қарастырылған сыртқы жарық түсiру аспаптарын қолдану ережесі күндізгі уақытта бұзылған жағдайда ескерту немесе 3 АЕК (ал қазір - 5 АЕК) көлемінде айыппұл салу, ал түнгі уақытта немесе көру мүмкіндігі нашар жағдайда 5 АЕК көлемінде айыппұл салу ұсынылады.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 592-бабында қарастырылған көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң белгiленген жүру жылдамдығын сағатына оннан жиырмаға арттыруы жағдайында 5 АЕК көлемінде айыппұл салу ұсынылады (ал қазір - 10 АЕК);

Көлік құралдарының көлденең бағыттағы жол жүрісіне кедергі келтіруге (кептеліске) әкеп соққан кептеліс пайда болған жағдайда жол қиылысына шығу немесе жолдың жүру бөлігін кесіп өту жазасын (592-бап) 10 АЕК-тен 3 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылады, сонымен қатар, балама негізде ескерту түріндегі әкімшілік өндіріс бекітіледі. Ал бұл заңбұзушылық қайталанған жағдайда салынатын айыппұл көлемін 15 АЕК-тен 7 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылады (594-бап).

Көлiк құралын жолдың жүру бөлiгiнде орналастыру, қарсы жүрiп өту немесе жолдың жүру бөлiгiнiң қарсы бағытта жүруге арналған жағына шықпай, басып озу қағидаларын бұзу, сол сияқты ұйымдасқан көлiк колоннасын немесе жаяу колоннаны кесiп өту не оның арасынан орын алу (596-бап) жазасын 20 АЕК-тен 15 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылады.

Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзуды қарастыратын 597-баптың алты бөлігіндегі айыппұл сомалары 5 АЕК-ке қысқарады.

Бағдаршамның тыйым салатын сигналына немесе реттеушiнiң тыйым салатын қимылына қарамай өту заңбұзушылығын қайталап бұзған жағдайда салынатын айыппұлды 20-дан 15 АЕК-ке (599-бап) төмендету ұсынылады. Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу заңбұзушылығын қайталап жасағанда салынатын 20 АЕК айыппұлды 15 АЕК-ке төмендету ұсынылады.

603-бапта қарастырылған iрi кәсiпкерлiк субъектiлерiнің Көлiк құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату қағидаларын бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерiнiң арнайы түстi-графикалық схемаларын заңсыз жазу заңбұзушылығының айыппұлын 500 АЕК-ке төмендету ұсынылып отыр. 615-бапта қарастырылған жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуға салынатын айыппұлды 15 АЕК-тен 10 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x