ШҚО дәрігерлері шет елінде алған білімдерімен әріптестерімен бөліседі

Dalanews 13 мау. 2017 11:28 329

Аймақ басшысы шет елінде тәлімгерліктен өткен дәрігерлерді материалдық ынталандыру мәселесін қарастыруды тапсырды. Бұл шара алған білімдерін әріптестерімен бөлісуге өз септігін тигізеді деп күтулуде.

Шығыс Қазақстанда облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, дәрігерлерді кешенді оқытуды қарастыратын, аймақтың денсаулық сақтау жүйесін дамыту бойынша ұзақ мерзімді даму жоспару әзірленуде.

Бұл жерде – онкология, кардиология, ана мен бала денсаулығы сияқты басым бағыттарға ерекше көңіл бөлінуде. Аталған іс-шара жергілікті бюджет қаражаты есебінен үш жыл мерзім ішінде шетелде мен мемлекет ішінде жоғары деңгейдегі дәрігерлерді дайындауға мүмкіндік туғызады. Үш жылдың ішінде ШҚО денсаулық сақтау жүйесінің 150 маманы әлемнің үздік клиникаларында тәлімгерліктен өтетін болады. Онкологтардың бірінші тобы үстіміздегі жылдың 19 маусым күні баруды жоспарлап отыр.

– Еуропаның үздік клиникаларында білім деңгейін көтерген мамандар, алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалана отырып, сапалы медициналық көмекті көрсетумен қатар, өз әріптестерін үйрету қажет, – деп атап өтті Даниал Ахметов, кеңейтілген аппарат жиналасында.

Сонымен қатар ауруханалар онкологиялық, қан айналымы жүйесі және ана мен бала аурулардын алдын алу мен емдеуге арналган озық қондырғылармен жабдықталатын болады. Ол үшін аймақта алты миллиард тенге қарастырылған.



 

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x