Тоқмәдидің қызы: "Әкем әлемдегі ең адал адам"

Dalanews 13 мау. 2017 04:49 168

Кеше Алматыдағы арнайы операция барысында бизнесмен Мұратхан Тоқмәди ұсталған болатын. 


Арнайы операция барысында ұсталған бизнесмен Мұратхан Тоқмәдидің қызы Зере Шәкерхан Instagram желісінде әкесінің ұсталғанына қатысты ойын білдірді. Қыздың жазуынша, үйіне басып кіргендер әкесінің қолын байлап, басына қап кигізіп, пәтерді тінте бастаған.

"Бүгін таңғы 7:30-да әкемнің, анамның, әпкемнің үйіне, сондай-ақ әкемнің зауыты "ҚазШыныҚұрылыс" және Астана зауытына басып кірген. Әкем, әйелі және сіңлім ұйықтап жатқан кезде, пәтеріне басып кіріп, әкемді байлап, басына қап кигізген!!! Содан кейін кешкі 19:30-ға дейін пәтерді тінтіпті! Сонымен бірге анамның пәтерін тінтіп, телефонын, компьютерлерін, т. б. заттарын тартып алған. Жаңа туған сәбиімен үйде отырған әпкеме де барған!!! Зауытта қызметкерлерге құдды бір террористер сияқты жерге жатуға бұйрық берген! Тіпті әйелдерді де жерге жатқызған!!! Олар ешқандай негізсіз дәйектерге сүйеніп отыр! Тіпті күлкің келеді!!", — деп жазады қыз.
Оның айтуынша, Тоқмәди "адал бизнесмен, спортшы, үлгілі жар, ата және әлемдегі ең жақсы әке!!!".

"Ол өте парасатты жан, намаз оқиды, Қажылыққа барып келген, көптеген адамдарға көмектесті, қазір де қол ұшын созып жүр! Әділдік жеңіп шықсыншы! Біреудің пайдасы үшін жасалған ғой…! Репост жасаңыздаршы!", — дейді ұсталған бизнесменнің қызы.

Қазақстанның арнайы қызметтері дүйсенбі, 12 маусымда, Алматыдағы арнайы операция барысында Қазақстандағы ірі зауыт "ҚазШыныҚұрылыс" директоры Мұратхан Тоқмәдиді ұстады. "КТК" телеарнасының мәліметінше, танымал бизнесмен ұзақ уақыт бойы "Депутатский корпус" беделді қылмыстық тобын басқарып келген.

Дереккөзsputniknews.kz

https://www.instagram.com/p/BVPj2p0HycM/?taken-by=zereshaa

https://www.instagram.com/p/BImrgtljuSY/?taken-by=zereshaa

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x