Орыстандыру саясатына әлі күнге кедергі жасаған жоқпыз

Dalanews 12 мау. 2017 05:49 152

Танымал пиаршы Қуат Домбай мемлекеттік тілге қатысты пікірін білдіріпті. Орыстандыру саясатын, асфальтта өскен қазақтарды, қазақ тіліне қатысты заңды тілге тиек етіпті. Әрине, айтылмай жүрген дүние емес. Дегенмен мұндай мәселелерді Домбай сияқты азаматтардың көтеруі мемлекеттік тілді меңгеруге құлықсыз орыстілді қазақтарға ой салар деген ойдамыз. 

Осы аптада Қазақстан телеарнасына орыстандыру саясаты тұралы Дос Көшіммен бірге сұxбат құрдық. Шынымды айтсам сол әңгімеге толықтай риза болмадым. Себебі кейде тілім жетпеді, кейде сол маңызды тақырыпты терең талқылай алмадым.
Меніңше біз орыстандыру саясатына әлі күнге дейін нақты кедергі жасаған жоқпыз.

Теледидардағы (әсіресе кабельдік немесе спутник операторларына қарасақ) қазақша контент 10-15% дан аспайды, жалғыз Ұлттық кітап жүйесінде - Меломан дүкендерінде 95 пайызы ресейден келген орыс тіліндегі импорт. Ал орыс тіліндегі орта мектептерде 1 миллионға жуық оқушылардың ішіңде 270 мың қазақ ұлтының балалары оқып жүр.

Алматыда, Астанада өтетін жиналыстарында, кейде қазақтардан басқа бір де өзге ұлт болмаса да, жиналыс орыс тіліңде өткізіліп жатыр. Жекеменшік ірі компаниялардың ішіңде тек қана қазақша сөйлесеңіз ешқандай карьера жаса алмайсыз, өйткені басшылық (асфальтта өскен қазақтар) мемлекеттік тілде еш нәрсе түсінбейді, есептеріңізді немесе xаттарыңызды қазақша қабылдамайды. Бастықтармен ешқандай коммуникация жасай алмасаңыз қалай өсесіз?
Нәтижесінде қазақтар өз жеріңде екінші сортты жұрт сияқты болып жатыр.

Сонда сол сорақы жағдайға не жасауға болады? Өткен сұxбатта бірнеше мәселелерді талқыладық, бірақ ең маңыздыны мен қазір атап кетейін деп едім.

Ең алдымен мемлекеттік тілді еңгізу үшін, оны пайдалануға мәжбүрлететін заң қабылдау керек. Әлі күнге дейін қазақ тілді енгізе алмайтынымыз, себебі – оны пайдалануға ешқандай заңның қажеті жоқ болғындықтан. Оны түсінуіміз керек - тіл әдемілігінде емес, керегінде үйренеді.

Ал екіншіден, менің ойымша, қазіргі күні қазақтардын саны 70 пайызға жақындаса, әрі қазақ қазақпен тек қана қазақша сөйлессе (өзге тілге түспей және басқа ұлттарды зорламай) сонда ғана өзге ұлттар қазақ тіліне өз еркімен үйренеді. Қазір қазақ тілге кедіргі жасап жүргендер көбінде өзге ұлттар емес, өзіміздің қазақша сөйлей алмайтын қазақтар болып жатыр. Олардан бастау керек - ұрыспай, керісінше көмектесіп жүру керек.

Мақсат сол қазақтардын 70 пайызы қазақша сөйлеп кетуі керек. Олар Қазақстанның қазақшылуына кілт. "Қазақ осылай айтпайды" деген сөзді мүддем ұмыту керек. Өзіңіз жақсы сөйлей берсеңіз, орыс тілді қазақтар уақытымен үйренеді. Өз қазақтарымыз қазақшасын меңгермесе, басқа ұлттардан мемлекеттік тілді талап етуге құқығымыз бар ма? Солай, осы жолы ойымды нақтырақ жеткіздім деп ойлаймын. 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x