Дастан Ақаш – достықтың дәнекері

Dalanews 08 мау. 2017 12:21 429

ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі Қазақстанның жаһанның жүздеген елімен бұрын-соңды болмаған мол тәжірибе алмасуға септігін тигізіп, ынтымақтастық көкжиегін кеңейтіп келеді.

Жергілікті және басқару саласының маманы, шығыстанушы, аудармашы, корей тілінің  білікті маманы Дастан Ақаштың «Астана ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі» Оңтүстік Корей павильонының ресми координаторы болып қызмет кіріскенін айтар едік. Танымал аудармашы және шығыстанушы азаматтың халықаралық көрме ісінде  корей тарапымен қоян-қолтық жауапты қызмет атқаруы зор абырой екені рас.

[caption id="attachment_27574" align="alignleft" width="344"] Дастан Ақаш[/caption]

Екі елдің мәдени ынтымақтастығына дәнекер болып, бұған дейін Елбасының қанатты сөздері,корей ертегілері, мен корейше-қазақша, қазақша-корейше сөздік құрастырып, корей елінің экономикасы, саясаты және мәдениеті туралы көптеген танымдық және сараптамалық мақала жазып жүрген Дастан бауырымызға сәттілік тілейміз!

Қазіргі таңда Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде Германия мен Жапониядан кейінгі ең ірі павильон орналыстырған Оңтүстік Корей тарапы ЭКСПО-ға дайындық жұмыстарын  қызу бастап кетіп, күн сайын сан алуан іс-шараларды жүргізіп жатыр. Оның үстіне Корей елі Қазақстанмен арадағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жылдығына аса маңыз беріп отырғанын атап өткен жөн. Көрме аясында корей елінен танымал әртістер, әншілер және өнер қайраткерлері мен ғалымдары, министрлері ат басын бұрып, екі жақты әріптестіктің көрігі қыза түспек.

Сонымен қатар, ауқымды шара ретінде Корея мен Қазақстан арасында энертегика саласы бойынша бизнес-форум ұйымдастырылады. Жастар мен балаларға және астаналық тұрғындарға Корей павильонының тартар сыйы көп. Өткенде ғана «Корей павильоны» бірінші болып ел ішінде домбырашылар мен бишілерге арналған байқау жариялады. Алда «Ұлы дала елі» мен «Таңғы шық елі» арасындағы ондаған қызықты шара ұйымдастырылмақ. Корей павильоны астаналықтарға болашақта не ұсынуы мүмкін, сол туралы жақын арада Дастанның өз аузынан да естіп қалармыз.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x