ШҚО-да еңбекақы бойынша 260 млн теңге қарыз өтелді

Dalanews 06 мау. 2017 16:54 177

ШҚО-да жыл басынан бері жұмысшыларға  еңбекақы бойынша қарыз 260 млн теңгеге жеткен.  Қордаланып қалған қарыз «Уақытылы жалақы» акциясы барысында құзырлы органдардың араласуымен толықтай қайтарылды.

Шығыс Қазақстан Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Бақытбек Қизатов мәлім еткендей, аталмыш акция барысында 445 тексеру жүргізілген.

– «Уақытылы жалақы» акциясын іске асыруда облыс прокуратурасы және ШҚО Мемлекеттік еңбек инспекциясы бірлесе жүргізген тексеру жұмыстарының нәтижесі бойынша 272 ескерту жасалып, 197 әкімшілік айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы көлемі 23,6 млн теңге құрап отыр. Осылайша, қызметкерлеріне жалақы төлемеген жұмыс берушілер 260 млн теңге көлеміндегі қарызды толықтай қайтарды, – деді Бақытбек Қизатов.

Айта кетсек, жұмыскерлердің жалақысын ұзақ уақыт төлемей, қарызға белшеден батқан компаниялар арасында «Востокмашзавод» АҚ мен «Адиль» АҚ сияқты ірі кәсіпорындар да бар болып шықты. Акция барысында бұл компаниялар да берешек соммасын толық өтеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x