Курчатов қаласында техно-туризм дамып келеді

Dalanews 06 мау. 2017 10:31 233

ШҚО-да туризмнің тағы бір түрі дамып келеді. «ЕХРО – 2017» көрмесіне орай техно-туризм саласы аясында Курчатов қаласында туристерге арналған сапар ұйымдастырылады.

Ұлттық ядролық орталық пен шаһар басшылығы бірлесе құрған техно-туризм жобасы аясында өткен жылдың өзінде қалаға 1 456 турист келген. Бұл жайлы Аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихаты барысында Курчатов қаласының әкімі Алмас Оңдақанов мәлімдеді.

– Техно-туризм аясында келген қала қонақтары ядролық сынақ өткен алаңда болып, ядролық жарылыстан кейін пайда болған көлді тамашалай алады. Ағымдағы жылы Астанада өтетін «ЕХРО – 2017» көрмесіне орай техно-туризмді жандандырып отырмыз, – деді Алмас Оңдақанов.

Әсіресе шетелдіктердің қызығушылығын танытқан туризмнің бұл жылдан-жылға дамып, келушілердің саны артып келеді. Аталған нысандар қазіргі таңда жабық болғанықтан, алдын ала өтініштер қабылданып алады. Қалалық әкімдіктің санағы бойынша, техно-туризм сәтті іске асқанда жылына 12 млн теңге шамасында қаражат түсуі мүмкін.

 

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x