Өскеменде Мемлекеттік рәміздер күнін аталынып өтті

Dalanews 06 мау. 2017 10:26 268

Өскемен қаласында ҚР Мемлекеттік рәміздер күнінің 25 жылдығы аясында қала қонақтарының қатысуымен салтанатты шара өтті.

Облыстық драм театрда өткен мерекелік шарада ШҚО әкімі Даниал Ахметов шығысқазақстандықтарды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтады.



–  Биыл, еліміз үшін ең қадірлі, ең қасиетті құндылықтар – Мемлекеттік рәміздердің 25 жылдығы. Мемлекеттік рәміздер – Ұлы дала төсінде өз мемлекетін құрған қазақ халқының, арманының  ақиқатқа айналуының дәлелі, бүкіл әлемге Қазақстан мемлекетін танытқан, еңсесі биік елдік пен  мызғымас бірліктің белгісі. Рәміздерді қастерлеу, оны болашақ ұрпаққа аманат етіп тапсыру – бүгінгі әрбір азаматтың басты парызы, патриотизм мен Отанға деген шынайы құрметтің көрсеткіші, – деді Даниал Ахметов.

Айта кетсек, 25 жылдық аясында 2-4 маусым аралығында облыс бойынша 300-ге жуық мерекелік шара жоспарланған. Соның ішінде, қала жастары «Бипэк Авто Қазақстан» өндірісінің көліктерімен қала ішінде автошеру өтсе, 4 маусым күні Амфитеатрда мәдени, спорттық-сауықтыру шаралады өтеді.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x