"Қорғаста" адам өлтіру оқиғасы видеоға түсіп қалды (видео)

Dalanews 05 мау. 2017 07:37 259

Алматы облысының Панфилов ауданында адам өлтіру оқиғасы болды. Бұл туралы мәліметті Tengrinews.kz өңірлік ІІД кезекші бөлімінің өкілдері растады.

Алдын ала мәлімет бойынша, қылмыс 4 маусымда "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы (ШЫХО) территориясында болған.

Видеобақылау камерасына түсірілген видео Интернетте таралып жатыр. Кадрлардан екі ер адамның төбелескенін көруге болады. Біреуінің қолында пышаққа ұқсас зат бар. Бірнеше секундтан кейін олардың бірі ес-түссіз құлайды. Пышақтаған адам кетіп қалады.

Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

 

https://www.youtube.com/watch?v=DF4ukHOJiw0

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x