«Алтай» командасы Азия Чемпионатының жартылай финалында

Dalanews 29 мам. 2017 17:18 153

Төрттік финалда вьетнамдық «Вьетин Банк» командасын«Алтай» волейболшылары 3:0 есебімен жеңіп, Азия Чемпионатының жартылай финалына өтті.

Енді 30 мамыр күні «Алтай» волейбол командасы Жапонияның "Хисамицу Спрингс" команасымен кездеседі.

– Бүгінгі жеңіс те бізге оңай келмеді. Әр күнгі жеңіс сайын біз көздеген мақсатымызға жақындап келеміз, – деді «Алтай» волейбол клубының капитаны Инна Матвеева.

Сиымдылығы 4 мыңнан астам адам болатын Чемпионат өтіп жатқан Б. Александров атындағы спорт сарайына «Алтай» ойыншыларын қолдау үшін ШҚО әкімі Даниал Ахметов те келді.

Естеріңізге сала кетсек, 25 мамырдан бастап ШҚО-да волейболдан әйелдер арасында клубтық Азия Чемпионаты өтіп жатыр. Азия континентінен 8 команда қатысқан Чемпионатта ел намысын «Алтай» волейбол командасы қорғауда.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x