"Нұр Отан" Бишімбаевты қатарынан шығаруға асықпауда

Dalanews 27 мам. 2017 17:22 274

"Нұр Отан" партиясы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың партия қатарынан шығарып, партбилетінен айыруға асықпай отыр деп, − деп хабарлайды Ratel.kz сайты.

Биыл 10 қаңтарда Қуандық Бишімбаев пара алды деген күдікпен абақтыға жабылғанын бәріміз білеміз. Әлі күнге дейін тергеу, тексреу жұмыстары жүріп жатыр. Тиісті орындары оның мемлекет қаржысын қалай талан-таражға салғаны жайында бірнеше рет ақпарат таратты. Ендігі жерде Қуандық Бишімбаевтың сүттен ақ, судан таза дегенге ешкім сене қоймасы анық.

Ал "Нұр Отан" халықтық партиясы болса, Қуандық Бишімбаевтың кінәсі толық анықталғанша оның қатарынан шығармайтын сынды.

"Нұр Отан" партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев Ratel.kz сайтына жолдаған жазбаша хатында "Қылмысты болып, құқық бұзған адамның айыбы сот алдында дәлелденгеннен кейін оны партия мүшелігінен шығарылады. Қуандық Бишімбаевты "Нұр Отан" партиясынан шығару турасындағы шешім − партия жиналысы немесе ол есепте тұрған бастауыш партия ұйымының бюросында қабылданады" деп пікір білдіріпті.

Осылайша "нұротандықтар" экс-министр Қуандық Бишімбаевты партия қатарынан шығаруға асықпай, сабырлық тантып отыр.

Биыл сот орындары Білім және ғылым вице-министрі Саят Шаяхметовты жемқорлық ісі бойынша айыпты деп тауып, оған қарасы сот шешім шығарған болатын. Бір қызығы "Нұр Отан" партиясы Саят Шаяхметов жемқорлықтың шырмауына шатылғанда, яғни, 2013 жылдың қыркүйек айында-ақ оны партия қатарынан шығарып тастағаны есімізде.

Сондықтан билік партиясының Қуандық Бишімбаевқа келгенде иі қанған былғарыдай былқ-сылқ ете қалуын бізде түсіне алмадық. Миллионға таяу мүшесі бар, еліміздегі ең ірі саяси ұйымның жемқорлық бойынша күдік келтірілген шендіні қатарында қалдыра берсе, қоғам алдындағы беделіне көлеңке түсіріп алуы әбден мүмкін ғой. Мұны ойлаған партия белсенділері бар ма екен?

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x