Арыста «Нұрлы жер» бағдарламасымен көпқабатты 3 тұрғын үй салынуда

Dalanews 25 мам. 2017 14:13 251

Жолдауда көрсетілген «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы Арыс қаласында биыл жүзеге асырыла бастады дейді қала әкімі Мұрат Қадырбек Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында.

Оның айтуынша, осы бағдарлама аясында қаладағы Көктем-2 тұрғын ауданында 3 қабатты 36 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы басталған. Сонымен қатар биыл 3 және 5 көпқабатты бес тұрғын үйдің жобалық-сметалық құжаттамалары әзірленіп жатыр.  Ал бүгінде Арыс қаласында 1 мың отбасы тұрғын үйге кезегінде тұрса, тұрғын үй салу үшін жер  телімін алуға 1 655 азамат кезекке тіркелген екен.

«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында Арыс қаласындағы Отырар, Наурыз, Оңтүстік тұрғын аудандарының инфрақұрылым құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Нысанды ағымдағы жылдың қараша айында пайдалануға беру жоспарлануда. Осының нәтижесінде 3 394 жер теліміне инфрақұрылым тартылып,  11 182 адам, яғни қала тұрғындарының 15 пайызы  инфрақұрылыммен қамтамасыз етілетін болады»,-деді әкім.

Сондай-ақ, қала бойынша орталықтандырылған құбыр суымен қамтылған халықтың үлесі 91,4 пайызды құраса, 7 елді мекенді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ал Арыстағы барлық елді мекендер 2016-2022 жылдарға арналған табиғи газбен қамтамасыз ету іс-шара жоспарына сәйкес кезең-кезеңмен қамтылатын болады. Мәселен, «Бейнеу-Бозай-Ақбұлақ» газ магистралы құбыры бойындағы №19 автоматтандырылған газ тарату стансасынан – Арыс қаласы және 5 елді мекен көгілдір отынмен қамтамасыз етіледі.

 

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x