Азия Чемпионатанына қатысушы командалар Өскеменге келді

Dalanews 23 мам. 2017 14:42 248

Өскеменге әйелдер арасында волейболдан клубтық Азия Чемпионатына қатысушы командалар келуде. Чемпионат өтетін Спорт сарайының алаңымен танысқан ойыншылар қазірде қызу жаттығуға кірісті.

Алғаш рет Өскемен қаласында өтетін Азия Чемпионатына қатысушы Тайбэй, Филиппин, Тайланд, Въетнам, Жапония, Иран мемлекеттерінің спортшылары бүгінде Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде және Б. Александров атындағы спорт сарайында жаттығуда. Ал қытайлық клуб ертең келеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетсек, мамырдың 25-31 аралығында Өскеменде әйелдер арасында волейболдан клубтық Азия Чемпионаты өтеді. Азия континентінен 8 команда қатысатын аталмыш чемпионатта ел намысын «Алтай» волейбол командасы қорғамақ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x