Қуат Найман: «Қанат Ислам қарсыласын 7-ші раундта жеңеді»

Dalanews 22 мам. 2017 02:49 244

Боксшы Қуат Найман өзінің әріптесі Қанат Исламның АҚШ-та өтетін жекпе-жегіне қатысты өз болжамын жасады. Ол NUR.KZ тілшісіне отандасымыздың қай раундта жеңетінін айтып берді.

Оның айтуынша, Қанат мексикалық Гонсалесті нокаутпен жеңеді.

– Қанат Ислам бауырымыздың орны ерекше. Спорттан бұрын біз оны отансүйгіш, патриот ретінде жақсы көреміз. Қазақ әрқашан өз батырларын бағалап, сыйлап келген. Қазір де солай. Менің оның жекпе-жегіне қатысты болжамым: ол мексикалықты 7-раундқа дейін нокаутпен жеңеді, – деді ол.

Естеріңізге салсақ, Қанат Ислам 26 мамыр күні АҚШ-тың Флорида қаласында шаршы алаңға шығады.Оның басты қарсыласы – мексикалық боксшы Гонсалес.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x