Наурыз мерекесіне орай өткен шара

Dalanews 27 нау. 2017 12:43 200

Сәуір айының бесіншіі жұлдызында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Шығыстану факультетінің оқытушылары Шарипқазы Н. Мен Ардақ Қалиолланың ұйымдастыратын ҚазҰУ-нің № 14 жатақханасында шет елден келген студенттермен бірлесе отырып жасалған, ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына орай шара өткізілді.

" Халқым қандай десең, салтымнан сынап біл "демекші, факультет студенттері мен оқытушылары келген қонақтарға қазақтың салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары мен Наурыз мейрамына тән ерекшеліктер барынша қамтылған концерттік бағдарлама ұсынды. Мерекелік іс-шараны қытайтану кафедрасының меңгерушісі Нәбижан Мұхаметқанұлы өзінің жақсы тілектері мен жылы лебізін білдіруімен бастады. Сөз сөйлеу кезегі Абдурақын Нұрхалық ағайға беріліп, мерекелік кеш  өз жалғасын тапты.

Жиналған қауымға қазақтың ұлттық киімі көрсетіліп, күмбірлеген домбыра үні ойнады, халқымыздың ұлттық ойындары жайлы шолу ( презентация ) жасалынды, қазақтың ұлттық дастарханында болатын негізгі тамақтар ұсынылды. Оған қоса, қытайтану кафедрасының бірінші курс студенттері Наурыз әнін орындай отырып, жиналғандардың жүректеріне ерекше сезім ұялатты. Біреулері қосыла ән шырқаса, көрермендер залындағы көпшіліктің басым бөлігі бұл әнді биге ұластырды.

Менің ойымша, мұның бәрі шет ел студенттерінің халқымыздың ежелден келе жатқан көне салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын кеңінен тануына зор үлесін қосты. Жалпы, бәріміз ақ жарқын көңілмен жүздесіп, дәм татысып, жақсы тілектер көптеп айтылып, мерекелік кешіміз ойдағыдай өтті.

 

Әл -Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Шығыстану факультеті қытайтану кафедрасының

оқытушысы Шәрипқазы Нұртәліп

 4 курс студенті Абилова Айжан

Жетекшісі: Шәріпқазы Нұртәліп

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x